Жаңалықтар
«Болашаққа бағдар»

№65 мектеп-гимназиясында инклюзив сынып оқушыларымен «Болашаққа бағдар» тақырыбында жүргізілген психологиялық тренинг
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында инклюзив сынып оқушыларымен «Болашаққа бағдар» тақырыбында жүргізілген психологиялық тренинг бойынша хаттама
Өткізілген күні: 26.02.2019ж
Қатысты: 6-9 инклюзив сыныптардың оқушылары
Тақырыбы: «Болашаққа бағдар»
Тренингке қатысқан оқушы саны: І ауысымда – ІІ ауысымда
Мақсаты:
- Жасөспірімдерді мамандықтардың категорияларымен таныстыру;
- Балаларға мамандық бойынша бағдар алуда қолдау көрсету, өз қалауларын анықтауға көмек беру;
- Сирек кездесетін мамандықтардың қызмет саласымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру;
Барысы:
Кіріспе бөлім
Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі тренингтің тақырыбымен және мақсат-міндетімен таныстыру.
Негізгі бөлім
- Жасөспірімдерден таңдаған мамандықтары жайлы мағлұмат сұрау.
- «Мамандық иесін тап» ойыны.
Ойын шарты: Қатысушыларға жеребе ретінде мамандық иелерінің аты жазылған кағаздар таратылады. Әр бір қатысушы отырғандарға сол кағаздағы мамандық иесін мимика, пантомимика не болмаса сұрақтар қою арқылы жасырады.
- Оқушыларды командаларға бөліп өз тақырыптарына сай ортақ 1 сурет салғызылды. Ал, ІІ ауысым оқушыларына мамандық иелерінің дайын суреттері таратылып, оларды бояуы тапсырылды.
Қорытынды:
Оқушыларға бүгінгі тренингтен не үйренгені және ұнағаны жайлы сұрақтар қойылды.
372 просмотров
Добавлено: 28.02.2019 в 08:30