Жаңалықтар
Нұр- Сұлтан қаласының «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі бойынша І қалалық чемпионаты

«Бочча» паралимпиадалық спорт ойындарынан қалалық чемпионат өтті. Елордадағы жарысқа алпысқа жуық спортшы қатысты.Спорттың бұл түрімен тірек- қимыл аппараты бұзылған немесе омыртқасы зақымдалған адамдар айналысады.
Нұр- Сұлтан қаласының «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі бойынша І қалалық чемпионаты
6.04.2019ж «Бочча» паралимпиадалық спорт ойындарынан қалалық чемпионат өтті. Елордадағы жарысқа алпысқа жуық спортшы қатысты.Спорттың бұл түрімен тірек- қимыл аппараты бұзылған немесе омыртқасы зақымдалған адамдар айналысады. Италияда пайда болған «Бочча» ойыны 1984 жылдан паралимпиадалық спорт түріне енгізілген. Ал елімізде ол енді ғана дамып келеді.Дәрігерлердің пікірі бойынша бұл ойын мүмкіндігі шектеулі жандарға физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да оң әсерін береді.Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортпен айналысу үшін толығымен жабдықталған орталық бас қалада ғана бар.
І қалалық чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше мектептері және ересек адамдар қатысып жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды. Соның ішінде №65 мектеп- гимназиясының ерекше жағдайды қажет ететін 20 оқушы қатысып, І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленді.

386 просмотров
Добавлено: 08.04.2019 в 13:35