Жаңалықтар
Денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтіледі. Бұл шараның мақсаты - қоғамның өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу. Осы іс-шара аясында 30 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында көңілді старт эстафетасы өткізілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің де алға қойған мақсаты - болашақ ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осыған орай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Амиров Нұрсұлтан мен Оспанов Айдан ұйымдастырған сайысқа «жас, кәрі» деп бөлінбей, барлық мұғалімдер белсене ат салысты. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды

Сонымен қатар, мектеп медбикесі Шайхысламова Маржан бастауыш сынып оқушыларының арасында жұқпалы аурулардың алдын – алу туралы дәріс өткізді.
473 просмотров
Добавлено: 01.04.2019 в 16:27