Жаңалықтар
Наурыз мейрамы тойланды

2019 жылдың 20 наурыз күні Наурыз мейрамы тойланды. Наурыз барша исі мұсылман халықтарының Жаңа жыл мерекесі. Мектепте барлық ұстаздар ұлттық киімде болды. Ұстаздарды Наурыз мейрамымен мектебіміздің директоры Елекеева Нургуль Жаксыбековна құттықтады.
2019 жылдың 20 наурыз күні Наурыз мейрамы тойланды. Наурыз барша исі мұсылман халықтарының Жаңа жыл мерекесі. Мектепте барлық ұстаздар ұлттық киімде болды. Ұстаздарды Наурыз мейрамымен мектебіміздің директоры Елекеева Нургуль Жаксыбековна құттықтады. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, дәріптеу мақсатында әр бірлестік қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыпын көрсетті. Дастарханда қазақтың ұлттық тағамдары да жасалды. Ұстаздар Наурыз көженің дәмін татып мәз болып, бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтты. Мектептің өнерпаз биші қыздары мен әнші ұлдары, би билеп, ән салды. Ұжыммен тойланған Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. Мектебіміздің кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреміз! Тәрбие ісі орынбасары: Ақылбай Д.Б.
429 просмотров
Добавлено: 23.03.2019 в 17:21