Жаңалықтар
«Бір отбасындамыз» тақырыбында іс-шара болып өтті

15.03.2019ж мектебіміздің инклюзивті сыныптары арасында наурыз мерекесіне орай «Бір отбасындамыз» тақырыбында іс-шара болып өтті. Ұлы даланың ұлттық мерекесі Әз наурызды жаңа форматта атап өтіп,дәстүрдің жаңа лебін естік.
15.03.2019ж мектебіміздің инклюзивті сыныптары арасында наурыз мерекесіне орай «Бір отбасындамыз» тақырыбында іс-шара болып өтті. Ұлы даланың ұлттық мерекесі Әз наурызды жаңа форматта атап өтіп,дәстүрдің жаңа лебін естік.
Мақсаты – оқушылар арасындағы ұлтаралық қатынасты нығайту, өзге елдің салт-дәстүрі және мәдениетімен таныстыру және оны құрметтеу. Іс-шара сайыс түрінде өтті. Инклюзивті білім алатын оқушылар мен олардың тәрбиешілері және ата-аналары қазақ, түрік және өзбек ұлты командаларына бөлініп, III тур бойынша сайысты. Сайысқа мектеп директоры Елекеева Н.Ж, директордың орынбасарлары Бекей Р.Е және Бақыт Р.З төрелік етті.Сайыстың шарты бойынша I турда әр команда өкілдері өз ұлттарының салт-дәстүр, ту, халық санымен таныстырды.

II турда әр команда өз ұлтының ұлттық тағамдарын дайындап әкеліп, оның құрамын және дайындалу жолдарын түсіндіріп өтті.Өзбек ұлты өзбек тілінде,түрік ұлты түрік тілінде сөйлеп балалар өздерінің жан-жақты екендерін дәлелдеп көрермендерді куантты.


III турда командалар әр ұлттың ұлттық әнін, биін және салт-дәстүрлерімен таныстырды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Түрік ұлты» командасы «Ең үздік ұлттық тағам» номинациясына, «Қазақ ұлты» командасы «Ең үздік таныстыру» номинациясына және «Өзбек ұлты» командасы «Ең үздік шығармашылық номер» номинациясы бойынша марапатталды.
Бұл игі бастама жылда әрі қарай жалғасын тауып, ел көңіліне нұр құяр істер сейілмеуі тиіс. Мереке құтты болсын!!!
координатор: Жақанова Қ.А.
405 просмотров
Добавлено: 18.03.2019 в 15:18