Жаңалықтар
«Өмірге ия деп айт!» акциясы

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында ақпан айының 22 жұлдызында «Өмірге ия деп айт!» акциясы барысында
- жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу;
- оқушылардың салауатты өмір салтын және психологиялық денсаулықты нығайту дағдыларын қалыптастыру;
- өмір адам баласына берілетін қымбат сый екенін түсіндіріп, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;
- оқушылардың өмірлік дағдыларын және позитивті өмірлік көңіл-күйін дамыту мақсатында 8 «А» сынып оқушыларымен психологиялық тренинг сабағы жүргізілді.

Тренингте психологтар оқушылардың ішкі жан дүниелеріне тереңірек үңіліп, оқушылар өз бойларындағы мазасыздану, қобалжу сезімдерімен бөлісті.
Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп, «Адам өмірі – басты құндылықтар», «Менің мақсатым» тақырыптары талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар сыныптың ауызбіршілігін, ұйымшылдығын қалыптастыру мақсатындағы «Шеңбер ішіндегі доп» тренинг жаттығуын қызығушылықпен орындады.
Оқушылар тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жаттығуларды ықыластарымен орындап, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік алды.
374 просмотров
Добавлено: 22.02.2019 в 15:58