Меню KDT

Жаңалықтар

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»


Ол өз сөзінде: Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың барысы жан-жақты қарастырылған.





Бүгін, яғни 2018 жылдың 16 қараша күні мектеп инспекторы Сержан Назарбек мектебімізде 5-11 сынып оқушыларына
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» тақырыпта дәріс оқыды. Ол өз сөзінде: Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың барысы жан-жақты қарастырылған.
– Бір қызығы, жалған ақпарат тарататындар арасында үлкендермен қатар, балалар да жүреді. Осындай келеңсіздікке барған жасөспірімдерге де жауапкершілік нақтыланған болар?
– Жалған терроризм жайында ақпарат берушілердің қатарында үлкендерді былай қойғанда, жасөспірімдердің де жүретіні өкіндіреді. Балаға бала деп қарасақ та, еліміздің Қылмыстық кодексінде оларға да жауапкершілік көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 15-бабында он төрт жасқа толғандардың жауапкершілікке тартылатыны жөнінде нақты айтылған.
Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, 25 пайызға жуық терроризм туралы жалған хабар 14 жасқа толмаған жасөспірімдерден түсетін көрінеді. Бұған бейжай қарамау керек. Керісінше, бұзақылыққа барғандардың ата-аналарын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту қажет.  Осындай жалған ақпар таратып елді әбігерге салатындар, телефон бұзақылары енді жазадан қашып құтыла алмайды. Оған себеп, шұғыл қызметтердің жаңа техникалық желілермен жабдықталғандығы. Жаңа  құрылғылар қоңыраудың қай жерден түскенін тез анықтап береді. Тіпті, ұялы телефондарды да анықтай алады. Және де қоңырау шалған адамның атын, тегін, мекенжайын көрсетіп беретін компьютерлік бағдарламалар да бар. Қоңыраулар үнтаспаға жазылатындықтан, қауіп-қатер дабылы түскен жерге бірнеше минутта-ақ шұғыл қызметкерлер жетіп келеді.
Жалған терроризм тек қана құқық қорғау органдарының, заң қорғау ведомстволарының проблемасы емес. Ол еліміздің барлық адамдарына қауіп төндіретіндіктен, экстремизммен күресуге құқық қорғау органдарымен қатар, барлық мемлекеттік мекемелер, тіпті, кез келген адамның атсалысқаны абзал. Сондай-ақ, жиілеп кеткен телефон алаяқтары фактілеріне байланысты жалған телефондық хабарлар түскен уақытта мұқият болу қажеттігін ескерте кетейін. Осындай фактілер кездесе қалған жағдайда алаяқтардың айтқанына ермей, тез арада құқық қорғау органдарына хабарласу керек.






494 просмотров

Добавлено: 16.11.2018 в 19:55