Жаңалықтар
Бастауыш сынып апталығы
Мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдана отырып құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда әр сабақты қазіргі заман талабына сай өткізуге қол жеткізу
Қазан айының 15 – 20 аралығында № 65 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып апталығы өтті. Мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдана отырып құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда әр сабақты қазіргі заман талабына сай өткізуге қол жеткізу, озық тәжірибені насихаттау, өзара тәжірибе алмасу.
Апталықтың ашылуы салтанатты жиыннан басталды. Барлық оқушылар мен ұстаздарды апталықтың жоспарымен таныстырдық. Апталық барысында 29 мұғалім ашық сабақ берді.
Өткізілген ашық сабақтарға «Өрлеу» БАИ тренері Б.С. Дүйсенбинова, мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Апталық барысында сурет, қолөнер көрмесі, «Күз ханшайымы» сайысы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. 20-қазан күні ата-аналар арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық мереке ұйымдастырылды.
Ата-аналардың белсенділігі жоғары болды.
434 просмотров
Добавлено: 20.10.2018 в 16:50