Жаңалықтар
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Жайдарман.

13 ақпан күні «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында мектепішілік «Жайдарман», 17 ақпан күні серіктес мектептер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында көңілді тапқырлар сайысы өтті.
13 ақпан күні №65 мектеп – гимназиясы қабырғасында «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында мектепішілік «Жайдарман» ойындары өткізілді. Ойынға 11 команда іріктеліп шықты. Қарсылас командалар бір – бірімен тартысып, әзіл – қалжыңдарымен қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерді әдемі жеткізе білді. Әділ қазылардың шешімі бойынша «Бас жүлдені» 9 А-сынып оқушылары «Жас ұландар» командасы жеңіп алып, 17 ақпан күні №58 мектеп - гимназиясында болатын ойынға жолдама алды.
17 ақпан күні №58 мектеп – гимназиясында серіктес мектептер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта «Көңілді тапқырлар» сайысы өткізілді. Сайысқа №61 орта мектеп, №41 орта мектеп, №58 мектеп - гимназия және №65 мектеп-гимназия қатысып, сайыс барысында тақырыпты керемет аша білгендігі үшін, актерлік шеберлігі үшін керемет ойын көрсетіп, №65 мектеп - гимназия «65 жастар құрамасы» командасы Бас жүлдені жеңіп алды.
574 просмотров
Добавлено: 19.02.2018 в 00:00