Меню KDT

Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі»


«Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті


 

«Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі»
 атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
 
 
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы қараша айының          24 күні «Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі» атты республикалық байқауы өтті.      
Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау, жастарымыздың бойында Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметті күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.          
  Жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі     
  қағидасын насихаттау, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.
 
            Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың  арасында өткен байқау төмендегі номинация бойынша:
  1. «Ұлттың ұстыны – рухани жаңғыру» атты  номинация бойынша өтті.
              Оқытушылар мен МҰҒАЛІМДЕР арасында өткізілген байқауда төмендегі  номинациялар қамтылды:  
  1. 1. «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғырудың бастауы»
  2. «Жоба тап, жол көрсет...».
«Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі» атты республикалық ғылыми жобалар  байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы Касеналин Айбар Ерланович, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, т.ғ.м., тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі еРБОЛ еЛЕУСИЗОВ иБРАГИМҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Саят талғатұлы набиев сынды жас ғалымдар мен академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті. 
            Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен
«Ұлттың ұстыны – рухани жаңғыру» номинациясы бойынша 1-орынды Нағызқанова Жанар (Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылы, Өмірлік негізгі мектебі) иеленді, 2-орынды Айдархан Мейіркүл Маратқызы (Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясы) иеленді, 3-орынды Эрнест Дана Ерланқызы  (Алматы облысы, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылы «Крылов атындағы орта мектеп) иеленді.
Оқытушылар мен мұғалімдер арасында өткен байқаудың               
«Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғырудың бастауы»   номинациясы бойынша 1-орынды Сапабекова Жансая Талғатқызы (Қостанай облысы, Фурманов атындағы орта мектебі) иеленді, 2-орындарды Рахимбеков Бекзат Кудайбергенович (Астана қаласы, №83 мектеп-гимназиясы), Жақсымбетова Жансая Талгатовна (Астана қаласы, №55 орта мектеп) иеленді, 3-орынды  Тиштықбаев Жібек Мәкешқызы (Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарылғап ауылы, Алтайбаев негізгі орта мектебі) иеленді.
 «Жоба тап, жол көрсет...» номинациясы бойынша 1-орынды Караталова Арайлым Муратбековна (Астана қаласы, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебі) иеленді, 2-орындарды Қабидуллина Айгерім Дәрібайқызы (Атырау қаласы Атырау инженерлік гуманитарлық институтының колледжі), Аргимбаева Гульнара Ахметбековна (Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясы) иеленді, 3-орындарды Андирханов Ерден Амангельдинович (Шығыс Қазақстан облысы, «Үржар колледжі»),  Утепова Молдир Женисбековна (Тараз қаласы, №46 орта мектебі) иеленді. 
         Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
«Рухани жаңғыру – елдіктің тірегі» атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, мұғалімдер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Құрметті байқауға қатысушылар, мұғалімдер мен оқытушылар және жастар!
           Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
            Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!       
                                                                                                                             
 
 
                                         
 
 

1910 просмотров

Добавлено: 30.11.2017 в 00:00