Жаңалықтар
№ 65 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» демалыс лагері
«Балдәурен» демалыс лагеріне І- ІІ ауысымда барлығы 380 оқушы қамтылды. І ауысым 29 мамыр мен 9 маусым аралығында болса, ІІ ауысым 12 маусымнан басталды.
«Балдәурен» демалыс лагеріне І- ІІ ауысымда барлығы 380 оқушы қамтылды. І ауысым 29 мамыр мен 9 маусым аралығында болса, ІІ ауысым 12 маусымнан басталды. Оның ішінде ата-ананың қаржыландыруымен 312 оқушы, аз қамтылған жанұялардан 30 оқушы, инклюзив сыныптардан 12 және түзету сыныптарынан 26 оқушы қатысты.
Лагерь басшысы болып бастауыш сынып мұғалімі А.К.Нургалиева сайланды.
Лагерьде 12 топ жұмыс жасады:
1 кезең бойынша:
1 топ «Балапан» Тәрбиешілер: Жылқыбекова В.А., Мухтарова М.,
2 топ «Айгөлек» Тәрбиешілер:Кыдырмолдина М.С., Бейсбекова Г.Б.,
3 топ «Болашақ» Тәрбиешілер:Ақылбекова Л.М., Апендина Н.,Айтпаева Т
4 топ «Балауса» Тәрбиешілер:Орақбаева Д., Кабдекина А.М., Орынбасова А.,
5 топ «Қарлығаш» Тәрбиешілер: Кияхова А.Б., Ерназарова А.Е.,Жақанова Қ.
6 топ «Дружба» Тәрбиешілер: Молдаханова А.,Макулбекова Ж.Сапаргалиева Ж
7 топ «Солнышко» Тәрбиешілер:Нұрланова А., Есимжанова Д.,
8 топ «Гүлдер» Тәрбиешілер:Даримбаева Н.,Кабылбекова М.,Камалова Д.,
9топ «Веселые ребята»ТәрбиешілерСейткасымова Ш.,Миятбекова Ұ.,Абдуллина Д.,
10 топ «Колокольчики» Тәрбиешілер:Шынбергенова А.,Кудайкулова М.,
11 топ«Звездочки» Тәрбиешілер Кабылдина Г.,Киикбаева Г.,Баянова А.,
12 топ «Данышпан қарға» Тәрбиешілер: Аскаргожина Г.,Абильдаева Н.,Зияддинова А.,
13 топ «Жалын» Тәрбиешілер: Сарсембай Б.О.,Ошақбаева М.К.,Джусупбаева Г
14 топ «Улыбка» Куликовская А.С., Каиржан А.А
Спорт жетекшісі: Орақбаева Д.
Музыка жетекшісі: Жумабеков Р.
Медбике: Шайхсламова М.
Сонымен қатар Астана қаласы гуманитарлық колледжден лагерьге тәжірибе өтуге 3 машықкер келді. Ауысым бойы атқарылған барлық жұмыстарда машықкерлер лагерь өміріне белсене қатысты. Күнделікті балаларды қызықтыру мақсатында әртүрлі қызықты ойындар, спорттық сайыстар, жарыстар өткізді.
Жылдың жаз маусымындағы балалар демалысын, сауықтыруын ұйымдастыру- тәрбиенің маңызды міндеттерін жүзеге асыру, ең алдымен әрбір педагогтың кәсіби деңгейіне тікелей тәуелді екені белгілі. Жұмыс барысында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, тәрбие үрдісін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, әр түрлі бағыттағы сауықтыру орталықтарының түрлерін ата-аналар мен балалардың сұранысын орындайтындай деңгейде дамытылады.Лагерьдің мақсаты, принципі, онда атқарылатын іс-шаралар жоспары алдын-ала дайындалып,
директордың рұқсатымен бекітілді. Лагерьдің мақсаты-балалардың барлық демалысын және мүмкіншілігін тиімді пайдалануын ұйымдастыру;
-балалардың денсаулығын нығайтуға ықпал жасау;
-балалардың патриоттық тәрбиесіне, шығармашылық дамыту, спорттық және мәдени бағдарламаларын ұйымдастыру;
-ұлтаралық, діни, адамгершілік тұрғыда таза, азаматтық белсенділігін арттыру;
Өткізілген іс-шаралар: мектеп оқушыларының санасында жалпы қазақстандық
патриотизм идеясын қалыптастыру. Қазақстан халықтар мен қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлеуге, азаматтық сезімдерін нығайту,мақсатында жоспарланды. Баланың өмірінде ойынның алатын орны ерекше.
Сондықтан әр түрлі қимыл-қозғалыс, ойлау қабілетін дамытатын ойындар
ұйымдастырылды. Сонымен қатар, демалушылар таза ауада серуендеп, қаламыздың көптеген әдемі орындарына серуендеп барды.
678 просмотров
Добавлено: 21.06.2017 в 00:00