Жаңалықтар
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы мамыр айының 18 күні республикалық «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты қашықтықтан байқауы өтті.Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР»
атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы мамыр айының 18 күні республикалық «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты қашықтықтан байқауы өтті.
Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері:
Оқытушылар мен педагогтардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарымыздың бойында МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ деген құрметін күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Жастарға Қазақстан Республикасының басты идеясы – «Мәңгілік Ел» қағидасының мақсатын насихаттау болып табылады.
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың арасында өткен байқау төмендегі номинация бойынша:
- «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» атты номинация бойынша өтті.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі номинациялар қамтылды:
- «ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ»
- «білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл...».
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы Касеналин Айбар Ерланович, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, т.ғ.м., тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі еРБОЛ еЛЕУСИЗОВ иБРАГИМҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Еркін Рахметуллин Ерланұлы сынды ғалым, доцент, академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті.
Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» номинациясы бойынша 1-орындарды Сейтқалиева Назерке Нұрболқызы (АҚТӨБЕ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ), Амангелді Ұлдана (ОҚО Түркістан қаласы, №23 орта мектебі) иеленді, 2-орындарды Жиенбай Зарипа (ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі), Жақсылық Еркен Алдабергенұлы (Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясы) иеленді, 3-орынды Саясат Аружан (Астана қаласы, № 26 мектеп-гимназиясы) иеленді.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың
«ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ»
номинациясы бойынша 1-орынды Даутбаева Асем Канатовна (Астана қаласы, №61 орта мектебі) иеленді, 2-орынды Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна (ШҚО Семей қаласы Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі) иеленді, 3-орынды Утепбергенов Даурен Ахметович (Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, №11 орта мектебі) иеленді.
«білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл...» номинациясы бойынша 1-орынды Налиева Айслу Сериковна (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі) иеленді, 2-орындарды Бошкаева Салтанат Пернебековна (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылы, №8 С.Байтіков атындағы орта мектебі), Алия Магжан Магжанқызы (Астана қаласы, №61 орта мектебі) иеленді, 3-орынды Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы (Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы, Көкбұлақ орта мектебі) иеленді.
Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР» атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, педагогтер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Құрметті байқауға қатысушылар, педагогтер мен оқытушылар және жастар!
Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!
1352 просмотров
Добавлено: 19.05.2017 в 00:00