Жаңалықтар
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық еңгізуде инклюзивті білім берудің маңыздылығы» атты қалалық семинар өткізілді.
2016-жылдың 18-сәуір айының жұлдызында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық еңгізуде инклюзивті білім берудің маңыздылығы» атты қалалық семинар өткізілді. Қалалық семинардың мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектеп өміріне қатысуға мүмкіндік жасау.
2016-жылдың 18-сәуір айының жұлдызында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық еңгізуде инклюзивті білім берудің маңыздылығы» атты қалалық семинар өткізілді. Қалалық семинардың мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектеп өміріне қатысуға мүмкіндік жасау. Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін барынша көрсетті. Мухамеджанова Шолпан Ермекбаевна 1«Б» сыныбымен сауат ашу пәнінен «Ұлттық тағамдар», Акылбекова Лиза Мауткановна 2 «Б» сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен «Ақбозат ат мінген қолбасшы», Мурзагулова Марина Сеиловна 3 «Н» сыныбымен орыс тілі пәнінен «Части речи», Файзуллина Саулежан Уазировна 4 «Л» сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен «Волшебный барабан», Нургалиева Алтын Каиркеновна 1 «Л» сыныбымен дүниетану пәнінен «Источник света», Жетписова Айгүл Амантаевна 4 «Ә» сыныбымен дүниетану пәнінен «Ғарыш туралы түсінік» атты ашық сабақтарын өткізді. Осы аталған сынптардың барлығында ерекше қажеттіліктері бар балалар отыр. Қалалық семинарға педагогикалық шеберлік орталығынан мұғалімдер келіп әрбір сабаққа кіріп, әр сабаққа мұғалімдер ризашылықтарын, өздерінің оң пікірлері мен ұсыныстарын айтып жатты. Атап айтсақ, Жетписова Айгүл Амантаевнаның 4 «Ә» сыныбындағы «Ғарыш туралы түсінік» атты ашық сабағында ерекше қажеттіліктері бар Қалжанқызы Жания және Сайлау Асылжан атты оқушылар өз эсселерінде еліміздің Тұңғыш ғарышкері - Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлын көргісі келетіні туралы армандайтынын жазған. Содан 4 «Ә» сынып жетекшісі Жетписова Айгүл Амантаевна және директордың тәрбие жөнінде Муканова Гульсана Сарсенбековна мектепке яғни дәл сол сыныпқа тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің дәл сол күні келуін ұйымдастырды. Сағат 11:35-те Айгүл Амантаевнаның сабағына ерекше оқушыларымыздың шығармаларына сүйеу болу мақсатында, «Ғарыш туралы түсінік» атты сабағына Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы келіп, сабақтың мәнін аша түсті тұңғыш ғарышкерді көрген оқушылар өз көздеріне сенбей, таңырқап қарады. Шығармаларында тұңғыш ғарышкерді көргісі келген оқушылар осы мезетте армандардың орындалатынына көздері жеткендей болды. Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы сабақ барысында ғарыш туралы түсінік берді және оқушылар түрлі-түрлі сұрақтар қойып, таң тамаша болы. Сабақтан соң Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы мектебіміздің өмірімен танысты. Мұғалімдер де, оқушылар да Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері - Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлының қарапайымдылығы мен кеңпейілдігіне ризашылықтарын білдірді.
821 просмотров
Добавлено: 18.04.2017 в 00:00