Жаңалықтар
«АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ өтті
«АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ өтті
Биыл Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толды. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхан бастаған ұлттық интеллигенция басшылық жасаған, ұлттық негізде құрылып, ұлт тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен Алаш Орда үкіметінің өткен тарихтағы алар орны ерекше. Отарлық бұғаудың құлдық қамытын асынған сол дәуірдегі қазақ халқының аса ауыр халін Ахмет Байтұрсынұлы былай суреттеген:
«Құнсыз болып еріміз,
Жесір болып жеріміз,
«Жан менікі» дей алмай,
«Мал менікі» дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек...» - деп, көрсеткен. Міне, осындай «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешкен» «Тар жол, тайғақ кешу» дәуірінде жеке мүддеден ұлттық мүддені артық санап, тәуелсіздік жолында Алаш зиялыларының атқарған қызметі, артында қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес құнды мұра, ұлт руханиятының алтын қорындағы таусылмас қазына екендігі анық. Сондықтан да Алаш алыптарының бүгінгі қолда бар аса қымбат рухани, тарихи, мәдени мұраларымен қазақ жастарын сусындату арқылы біз тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағын тәрбиелей алмақпыз. Бойында алаш бабаларымыздың рухы бар жастарымыз қаншалықты көп болса, ұлттық тәуелсіздігіміздің тұғыры соншалықты берік болары сөзсіз.
Міне, осындай мақсатта ҚР БҒМ ҒК МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ мен ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ және АСТАНА ҚАЛАСЫ №65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 10-17 күндері аралығында республикалық «АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты қашықтықтан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ мақсаты мен міндеттері:
Оқытушылар мен педагогтардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарымыздың бойында МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ деген құрметін күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Жастарға «АЛАШ ИДЕЯСЫНЫҢ» мақсатын насихаттау болып табылады.
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың арасында өткен байқау төмендегі бағыт бойынша:
- «Алаш Орда тарихын зерттеу мәселелері: жаңа тұжырымдар мен идеялар» атты ғылыми зерттеу жобалары бойынша өтті.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі бағыттар қамтылды:
- «Алаш идеясы – тәуеліз елдің басты мұраты»
- «Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін...».
«АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты республикалық қашықтықтан өткен ғылыми конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы Касеналин Айбар Ерланович, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Тарих факультетінің» оқытушысы, т.ғ.м. НАБИЕВ САЯТ ТАЛҒАТҰЛЫ, қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, т.ғ.м., тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі еРБОЛ еЛЕУСИЗОВ иБРАГИМҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Еркін Рахметуллин Ерланұлы сынды ғалым, доцент, академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті.
Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен «Алаш Орда тарихын зерттеу мәселелері: жаңа тұжырымдар мен идеялар» атты бағыт бойынша 1-орындарды Райқұл Алихан (Астана қаласы №58 мектеп-гимназия), Молдатай Бекнұр (Астана қаласы, №59 мектеп-лицейі) жеңіп алды, 2-орынды Ерғазина Аида Сүйіндікқызы (Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылы, Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі) иеленді, 3-орындарды Жанадилова Жанира Ержігітқызы, Қуанышбай Арайлым (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №88 жалпы орта мектеп) иеленді.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың
«Алаш идеясы – тәуеліз елдің басты мұраты» атты бағыты бойынша 1-орынды Актаева Эльмира Ерболовна (Алматы облысы, Балқаш ауданы Қарой ауылы, Үлгілі орта мектебі) жеңіп алды, 2-орынды Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы (ОҚО Мақтарал ауданы Жамбыл а/о Тегістік е/м) иеленді, 3-орынды Ауезова Гаухар Шаймерденовна (Шымкент қаласы №84 Циолковский атындағы жалпы орта мектеп) иеленді.
«Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін...» бағыты бойынша 1-орынды Аманова Тойындық Бейсенбайқызы (ОҚО, Шымкент қаласы, Асар м/а., №89 мектеп-лицей) жеңіп алды, 2-орынды Жуздибаева Шолпан Боранбаевна (Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы, Зеленобор мектеп - гимназиясы» ММ) иеленді, 3-орынды Исабаева Алия Кожахметовна (Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылы Жетісу орта мектебі) иеленді.
Сонымен қатар ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
«АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН «АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА қатысқан оқытушылар, педагогтар мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздердің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!
АЛАШ ИДЕЯСЫ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ҰРАНЫНА АЙНАЛЫП, ЕЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК БОЛСЫН!
895 просмотров
Добавлено: 17.02.2017 в 00:00