Меню KDT

Жаңалықтар

«ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті


Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 1-8 күндері аралығында республикалық «ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  атты қашықтықтан байқауы өтті. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.


                                                                             

«ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
     «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы екендігі айқын. Сондықтан да елдігіміздің баға жетпес байлығы да, басымызға қонған бақытымыз да ол – мәңгілік тәуелсіздігіміз екендігі айқын. «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең  әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей қазіргі жаһандану заманында өзіміздің төл ұлттық тарихымыз бен рухани мұраларымызды ұрпақ санасында жаңғырту арқылы Тәуелсіздігіміздің баянды ете алмақпыз.
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 1-8 күндері аралығында республикалық «ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  атты қашықтықтан байқауы өтті.      
Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері:
Оқытушылар мен педагогтардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарымыздың бойында МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ деген құрметін күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Жастарға Қазақстан Республикасының басты идеясы – «Мәңгілік Ел» қағидасының мақсатын насихаттау болып табылады.
            Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың  арасында өткен байқау төмендегі номинация бойынша:
  1. «Мәңгілік Елдің ұлттық тұғыры» атты  номинация бойынша өтті.
              Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі  номинациялар қамтылды:
               1.«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
  1. «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...».
«ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты республикалық қашықтықтан өткен ғылыми жобалар байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы Касеналин Айбар Ерланович, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Тарих факультетінің» оқытушысы, т.ғ.м. НАБИЕВ САЯТ ТАЛҒАТҰЛЫ,  қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, т.ғ.м., тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі еРБОЛ еЛЕУСИЗОВ иБРАГИМҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Еркін Рахметуллин Ерланұлы сынды ғалым, доцент, академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті. 
            Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен «Мәңгілік Елдің ұлттық тұғыры»  номинациясы бойынша 1-орынды Ортай Бекарыс (ОҚО Кентау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы) жеңіп алды, 2-орындарды Ахметов Мәди Искакович (Астана қаласы, №84 мектеп-лицейі), Абдуллақызы Айғаным (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы Н.Оңдасынов атындағы Түркістан «Дарын» мектеп-интернаты) иеленді, 3-орынды Кулатаева Арайлым Мейрамқызы (Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылы, «Қоңыр орта мектебі») иеленді.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың               
          «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» номинациясы бойынша 1-орынды Жұмағазы Дидар Жұмағазықызы (ШҚО Курчатов қаласы «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) жеңіп алды, 2-орынды Бадильбекова Аманкуль Пишенбаевна (Қарағанды  қаласы, ҚММ «Ә.Бөкейхан атындағы № 76 ЖББОМ») иеленді,  3-орындарды Абишева Айнагуль Ахметжановна (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов селосы №2 Преснов орта мектебі), Утепбергенов Дәурен Ахметович (Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті) иеленді.
            «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...» номинациясы бойынша 1-орынды Караталова Арайлым Мұратбекқызы (Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі) жеңіп алды, 2-орынды Аманова Қырмызы Елеусиновна (Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы Көкбұлақ орта мектебі) иеленді, 3-орынды Абдрахманова Хазина Насихатовна (Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті «Көктем» қазақ орта мектебі) иеленді.  
         Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
       «ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, педагогтер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Құрметті байқауға қатысушылар, педагогтер мен оқытушылар және жастар!
           Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
           Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!       
                                                                                                                             
 
 
 
 
 
 
 

2637 просмотров

Добавлено: 08.02.2017 в 00:00