Жаңалықтар
«ЭКСПО – 2017: Мәңгілік Ел құндылықтары» тақырыбында ғылыми-жобалар байқауы өтеді.
Жастардың бойына Тәуелсіз Қазақ еліне деген құрметті күшейтіп, патриоттық сезім ұялата отырып, «ЭКСПО – 2017» көрмесінің мән мағынасын, маңызын ашу.
8.02.2017 жылы мектепішілік «ЭКСПО – 2017: Мәңгілік Ел құндылықтары» тақырыбында ғылыми-жобалар байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты: Жастардың бойына Тәуелсіз Қазақ еліне деген құрметті күшейтіп, патриоттық сезім ұялата отырып, «ЭКСПО – 2017» көрмесінің мән мағынасын, маңызын ашу.
Байқауға мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқау төменгі номинациялар бойынша өтеді:
а) «ЭКСПО – 2017, болашақ энергия»
б) «Мәңгілік Ел» құндылықтары
Оқушылар өз жұмыстарын макет түрінде дайындап, көрсетуге болады.
Жұмыс ақпан айының 6 күніне дейін nabiev_88_88 @mail.ru почтасына жіберілуі қажет.
Жеңімпаздармен қатысушыларға мектеп директорының атынан диплом мен сертификаттар беріліп, қалалық байқауға жолдама алады.
Жауаптылар:
Амержанова Алима Қыдырбаевна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Набиев Саят Талғатұлы, тарих пәні мұғалімі.
Өтетін уақыты, орны: 08.02.2017 жылы
Сағ: 15:00, мектеп кітапханасы
1651 просмотров
Добавлено: 27.01.2017 в 00:00