Жаңалықтар
«ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!» атты республикалық конференция өтті.
«ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!»
атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті
Биыл Қазақ Елінің тәуелсіздігіне 25 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес. Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі еліміздегі ғылым және білім саласы. Қазақ Елі алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасаған бірден бір ел. Сондықтан да отандық білім саласы инновациялық негізде даму үстінде.
ҚР БҒМ ҒК МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ мен Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 2016 жылы қазан айының 20-27 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!» атты республикалық конференция өтті.
Ғылыми конференцияға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері жастарымыздың бойында ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ деген құрметін күшейту, жастар бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Жастарға Қазақстан Республикасының басты идеясы – «Мәңгілік Ел» қағидасының мақсатын насихаттау, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың арасында өткен байқау төмендегі номинация бойынша:
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын зерттеу мәселелері: жаңа тұжырымдар мен идеялар» ғылыми зерттеу жобалар байқауы.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі номинациялар қамтылды:
- «Ұлт Тәуелсіздігінің басты тұғыры – ұлттық құндылықтар».
- «Мәңгілік Елдің – Мәңгілік білімі».
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!» атты қашықтықтан өткен ғылыми жобалар байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы Касеналин Айбар Ерланович, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Набиев Саят Талғатұлы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, қАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі еРБОЛ еЛЕУСИЗОВ иБРАГИМҰЛЫ, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі БЕКМҰХАМБЕТОВА Гулнар Ризабекқызы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты Еркін Рахметуллин Ерланұлы сынды ғалым, доцент, академик ағаларымыз байқауға әділ қазылық етті.
Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын зерттеу мәселелері: жаңа тұжырымдар мен идеялар» номинациясы бойынша 1-орындарды Сагимбаева Камила, Оразаева Еркежан, Оразбаева Саида, (ШҚО Өскемен қаласы, №3 мектеп-лицейі) иеленді, 2-орындарды Тұрғымбек Бибінұр Сәбитқызы (Алматы қаласы, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі), Молдатаев Бекнұр (Астана қаласы, №59 мектеп-лицейі) иеленді, 3-орынды Бейсенбай Аружан Қуанышқызы (ОҚО Түркістан қаласы, «№23 жалпы орта мектебі» КММ) иеленді.
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың
«Ұлт Тәуелсіздігінің басты тұғыры – ұлттық құндылықтар» атты номинациясы бойынша 1-орындарды Кошерханова Лаззат Нурмагамбетовна
(ШҚО Курчатов қаласы «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ), Қайырханова Ақмарал Мұратқызы (Алматы қаласы, Алмалы ауданы «Туризм және Қонақжайлылық Индустриясы» колледжі) иеленді, 2-орындарды Ысмағұл Жәния (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы «Қазалы аграрлы – техникалық колледжі»), Хамзин Мейрам Назымбекович (Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тасты-Талды ауылы, «Тасты-Талды орта» мектебі) иеленді, 3-орынды Үсенқұлова Сарбина Ермекқызы
(Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы № 29 Александр Герцен орта мектебі) иеленді.
«Мәңгілік Елдің – Мәңгілік білімі» номинациясы бойынша 1-орындарды
Абдирова Бакытгуль Нуржановна (БҚО, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі), Есіл Жанаргүл Өмірзаққызы, Жахина Гаухар Жақсылыққызы (Астана қаласы «№68 орта мектеп» КММ) иеленді, 2-орындарды Айтжанова Ләйлә Өмірбекқызы (Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі), Алина Алияр Искаковна (Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, «Көкжайық орта мектебі» КММ) иеленді, 3-орынды Жаумбаева Айша Ерлановна (Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы Погодаев ауылы, Қасым Ахмиров атындағы ЖОББМБ МКМ) иеленді.
Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
«ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ!» атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, педагогтер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Құрметті байқауға қатысушылар, педагогтер мен оқытушылар және жастар!
Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!
2632 просмотров
Добавлено: 26.10.2016 в 00:00