Меню KDT

Жаңалықтар

Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 2015-2016 оқу жылындағы мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 1-ауысымын 2016 жылдың 10 маусымында аяқтап, 13 маусымда 2-ауысымын бастап кетті.


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 2015-2016 оқу жылындағы мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 1-ауысымын 2016 жылдың 10 маусымында аяқтап, 13 маусымда 2-ауысымын бастап кетті.

 

Күнделікті балаларды қызықтыру мақсатында әртүрлі

қызықты ойындар, спорттық сайыстар, жарыстар өткізілді.

 

     Жылдың жаз маусымындағы балалар демалысын, сауықтыруын ұйымдастыру-тәрбиенің маңызды міндеттерін жүзеге асыру, ең алдымен әрбір педагогтың кәсіби деңгейіне тікелей тәуелді екені белгілі. Жұмыс барысында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, тәрбие үрдісін

психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, әр түрлі бағыттағы сауықтыру орталықиарының түрлерін ата-аналар мен балалардың сұранысын орындайтындай деңгейде дамытылады.

Лагерьдің мақсаты, принципі, онда атқарылатын іс-шаралар жоспары алдын-ала дайындалып, директордың рұқсатымен бекітілді.

Лагердің мақсаты:
-балалардың барлық демалысын және мүмкіншілігін тиімді пайдалануын ұйымдастыру;

-балалардың денсаулығын нығайтуға ықпал жасау;

-балалардың патриоттық тәрбиесіне, шығармашылық дамыту, спорттық және мәдени бағдарламаларын ұйымдастыру;

-ұлтаралық, діни, адамгершілік тұрғыда таза, азаматтық белсенділігін арттыру;



Лагерьдің негізгі принциптері:

-балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін, құқығын сақтау;

-жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға ретінде баланы дамыту;

-жеке басының қиыншылықтарын шешуге және өзге баалалармен тіл табыса білуге үйрету;

-өзін-өзі басқару ұйымы мен педагогикалық басқару тәсілдерінің сәйкестігі;

-ұжымның өзіндік жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы.



Өткізілген іс-шаралар: мектеп оқушыларының санасында жалпы қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыру. Қазақстан халықтар мен қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлеуге, азаматтық сезімдерін нығайту, мақсатында жоспарланды. Баланың өмірінде ойынның алатын орны ерекше. Сондықтан әр түрлі қимыл-қозғалыс, ойлау қабілетін дамытатын ойындар, спорттық ойындар, үстел үсті ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, демалушылар таза ауада серуендеп, қаламыздың көптеген әдемі орындарына серуендеп барды.


696 просмотров

Добавлено: 15.06.2016 в 00:00