Жаңалықтар
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Астана қаласы № 65 мектеп – гимназиясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өтті.
Астана қаласы № 65 мектеп – гимназиясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өтті.
25 мамыр - соңғы қоңырау күні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні... Өмір дарияның бастауы да адам баласы дүниеге есігін ашқан сәттен басталып, мектеп өмірі арқылы үлкен өмірге жолдама алады. Түлектер білім алған алтын ұяларымен қоштасып, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырды. Ал, ата - ана кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ер жеткеніне қуанды... Сондықтан да мектеппен қоштасу сәті – адамның өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі күндердің бірі. Осындай мереке күні қалалық маслихат депутаты Батпенов Саят Нұрланұлы салтанатты іс - шараға қатысты.
Сондай - ақ, салтанатты іс-шараға мектеп – гимназия ұжымы, ардақты ұстаздар, ата – аналар мен бітіруші түлектер қатысты.
Мерекелік шараның беташарынан соң, қалалық маслихат депутаты Саят Нурланұлы Батпенов және мектеп директоры Алма Алтынханқызы Жумабекова сөз алып ұстаздар мен бітіруші түлектерге деген жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар түлектерді құттықтай келген мектебіміздің жоғарғы және бастауыш сынып оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.
Мереке соңы мектеп түлектерінің қоштасу вальсымен аяқталды.
Соңғы қоңырау салтанатынан кейін мектеп түлектері «Бәйтерек» монументі жанында ұйымдастырылған «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шараға қатысты.
664 просмотров
Добавлено: 27.05.2016 в 00:00