Меню KDT

Жаңалықтар

«САЛТ-ДӘСТҮР - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ» атты республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Астана қаласы Білім басқармасы және № 65 мектеп-гимназиясының бірігіп ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15 сәуір мен мамыр айының 5-і күні аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық  «САЛТ-ДӘСТҮР - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ» атты қашықтықтан байқауы өтеді.


Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да  жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажап мол рухани қазынасы да – бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына.
Н.Назарбаев
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
 «САЛТ-ДӘСТҮР - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ»
 атты республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауының
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
 
  Астана қаласы Білім басқармасы және № 65 мектеп-гимназиясының бірігіп ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15 сәуір мен мамыр айының 5-і күні аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық  «САЛТ-ДӘСТҮР - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ» атты қашықтықтан байқауы өтеді.     
  Байқаудың мақсаты: Жастарымыздың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып, кеңейту. Оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болып табылып, мынандай міндеттер қойылды:
  ХХІ ғасыр жаһандану заманында жастарымыздың бойына ұлттық дәстүрді, мәдениетті қазақи мінезді ұялата білу, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
 Байқауға қатысуға республика бойынша жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен ЖОО білім алушыларын, білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысып жалпы 165 жұмыс қаралды.
            Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен  ЖОО білім алушылары үшін:
«САЛТ-ДӘСТҮР - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ»  атты байқауы төмендегі номинациялар бойынша өтті:
  1. «Ұлы дала халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»;         
  2. «Қазақ халқының ұлттық аспап түрлері»;
  3. «Ұлттық ойындар, қазақ халқының ұлттық ойындарының қыр-cыры» ғылыми   зерттеу жобалар байқауы
Педагогтар арасында өткізілетін байқау төмендегі номинациялар бойынша өтті:
  1. «Батыстық техника шығыстық мәдениет».
  2. Мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы, оралмандардың қазақ жеріне кірігу мәселелері.
  3. «Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — ана тілінің болуы» атты ғылыми зерттеу жобалары.
  4. «Ел тарихында келешек ұрпақты тәрбиелеудегі – салт-дәстүрдің маңыздылығы..». номинациялары бойынша қабылданды.
 
«Салт-дәстүр - ұлтымыздың рухани байлығы»  атты қашықтықтан өткен ғылыми жобалар төрелік еткен:
Сейтказина Құралай Отаубаевна
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Еңсенов Қанат Алексейұлы
 Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының төрағасы т.ғ.к.
Ербол Елеусизов Ибрагимұлы
 ҚАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі.
 Гулнар Ризабекқызы
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
 Азамат Малжанбай  
«Атамекен» Қазақстан картасы» экскурсия бөлімінің жетекшісі, осындай аға буын өкілдері байқауға әділ қазылық етті.  
 Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары,  білім алушылары арасында өткен: 
  I.«Ұлы дала халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» номинациясы бойынша:
  1. Жусупова Меруерт (Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты)
  2. Боранбаева Күләш (Астана қаласы № 14 мектеп-гимназиясы).
  3. Мелдебек Мадина, Жанібек Аружан (ОҚО, Шімкент қаласы).
 II. «Қазақ халқының ұлттық аспап түрлері» номинациясы бойынша:
  1. Жомартұлы Санжар (Арқалық қаласы, Фурманов орта мектебі).
  2. Закария Бақыт Сарқытқызы (Астана қаласы № 14 мектеп-гимназиясы).
  3. Кабдыкешов Темирхан ( Ақмола обылысы, Ерейментау қаласы №1 орта мектебі).
 
III.  «Ұлттық ойындар, қазақ халқының ұлттық ойындарының қыр-cыры» номинациясы бойынша:
  1. Иманқұлов Алихан (СҚО, Петропавл қаласы).
  2. Жақыпбек Нұржан Орынбекұлы (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы   Сүттіқұдық ауылы).
  3. Оразгалиев Жалгас Рустемович (Қостанай қаласындағы, А.М.Горький атындағы
 
     гимназия)
 
Педагогтар арасында өткізілетін байқауында:
I. «Батыстық техника шығыстық мәдениет» номинациясы бойынша:
  1. Бекбаева Гаухар Бекентаевна (Көкшетау қаласы, физика-математика  бағытындағы, Назарбаев Зияткерлік мектебі).
  2. Аденова Зауреш Сандыбаевна (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылы). 
  3. Алданаева Құралай Тлегенқызы (Ақтөбе облысы. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы).
 
 
ІІ. «Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — ана тілінің болуы» атты ғылыми зерттеу жобалары номинациясы бойынша:
  1. Баймағамбет Мекенбике Қияшқызы (Астана қаласы, № 65 мектеп- гимназиясы).
  2. Жуматаева Айгуль Амангельдина (Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қорғасын  ауылы).
  3. Қапалбаева Гүлім Ахметқызы (Алматы қаласы, полиграфия колледжі, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы).
 
ІII. «Ел тарихында келешек ұрпақты тәрбиелеудегі – салт-дәстүрдің маңыздылығы..». номинациясы бойынша:
  1. Оразалиева Гульзат Курманбековна, (ОҚО Төлеби ауданы Ленгір қаласы).
  2. Бабашова Динара Мейрамбекқызы (Астана қаласы №38 мектеп-лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).
  3. Құмарова Қалдыкүл Мамытбекқызы (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылы «Қарасаз» балабақшасы МКҚК).
 
Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің ғылыми жобаларымен ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
Бұл байқау ХХІ ғасырда яғни жаһандану заманында, салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың, ұлттық құндылықтардың қандай деңгейде екендігін, жас ұрпаққа қаншалықты насихатталып жүргендігін анықтауға мүмкіндік береді.  Осы байқауға қатысқан пегагогтер мен оқытушыларға жұмыстарында биік жетістіктерге жетуге тілек білдіріп, елін сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеп өсіруге тілектеспіз!!! 
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!

1297 просмотров

Добавлено: 26.05.2016 в 00:00