Меню KDT

Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ  25 ЖЫЛДЫҒЫНА орай Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ»  атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ   25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН  «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 

А.Сатылганов, С.Набиев,

Республикалық жас тарихшылар қауымдастығының мүшесі, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері, тарих ғылымының магистрі

 

ҚР БҒМ ҒК МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ мен АСТАНА ҚАЛАСЫ №65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ, ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тарих факультетінің» ұйымдастыруымен  2016 жылы сәуір айының 27  жұлдызында

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ  25 ЖЫЛДЫҒЫНА орай Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - БАСТЫ ТҰҒЫРЫМЫЗ»  атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының өкілдері, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, оқытушылар, педагогтар мен оқушылар және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ғылыми-конференцияның бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарих институтының Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің меңгерушісі Қарасаев Ғани Мұқашұлы, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Қания Құралқызы кіріспе сөзбен ашса, Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының директоры Алма Алтынханқызы ЖҰМАБЕКОВА конференцияның алғы сөзін оқып, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.  

            ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ конференцияның модераторы болды.

               Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторы,

            Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  профессоры Жандарбек Мәлібек «Елтаңба – Ел тарихы немесе Мәңгі Елдің тұмары», Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір «Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі» ,      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы,  Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ «Халықтың рухын көтерудегі ұлттық дәстүрдің орны»,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы,  Мақсат АЛПЫСБЕС «Ұлт тұғыры – жер мен тіл», ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жабай ҚАЛИЕВ, «Тәуелсіздік және Қазақстан халқы Ассамблеясы»,  ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Қанат ЕҢСЕНОВ, «тәуелсіз қазақстан халқының демографиялық әлеуеті», Бауыржан ЕҢСЕПОВ, т.ғ.к., «Невада-Семей қозғалысы және қарусыз әлем құру мәселелері»,  Елеусізов Ербол, Қожабекова Жазира, тарих магистрлері «Мәңгілік Ел: отансүйгіштік пен ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптарында баяндамалар жасады. 

                        Ғылыми конференцияға қатысқан оқушы жастар баяндама жасаған ғалым, профессорларға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне тиесілі жауаптарын алды. Сол секілді алғыр да талапты жастар конференциядан рухани байып, ұлттық тұрғыдан мәртебелерінің өскендігін айтып, ғалым ағаларға ризашылықтарын білдірді.

                        Ұлттық тарихымызды жастарға кеңінен насихаттау, оның ақтаңдақ беттерінің кейбір ашылмаған тұстарын бүгінгі жас буынға жеткізу аға буынның басты міндеті екендігі анық. Арысы екі жүз елу жылдан астам уақыт өзге елдің бодандығында болған тәуелсіз Қазақ елінің рухын қалпына келтіру әрине жиырма бес жылда мүмкін емес екендігі сөзсіз. Ол үшін алдағы уақытта да көптеген ұлттық мақсаттағы игі жұмыстардың қажет екендігі сөзсіз. Міне сондықтан да осындай ұлттық бағыттағы жиындардың тигізер әсері мол екендігі анық. Қазіргі жаһандану заманы кез-келген ұлттар мен ұлыстардың ұлттық құндылығына кері әсерінің тиіп жатқандығы жасырын емес. Оған отарланған, рухы әбден тұншыққан өткен тарихтағы ұлттық болмысымызды қосыңыз... Дегенмен, қазіргі тәуелсіз Қазақ елінің басты мұраты ол – өз тәуелсіздігін ұстап қалу және осы тәуелсіздігімізді жылдан-жылға берік ету болмақ.  Ол үшін тәуелсіздігіміздің тірегі саналатын ұрпағымызға ұлттық идеямызды барынша насихаттау арқылы ғана өз болашағымыздың ірге тасын қалай алмақпыз.

                        Ұлттық тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Қазақ халқының мәртебесі күннен күнге өсіп, рухани деңгейі арта берсін!






826 просмотров

Добавлено: 07.05.2016 в 00:00