Меню KDT

Жаңалықтар

«Әлемге махаббатқа толы сүйіспеншілікпен қараймын»


Астана  қаласы №65 мектеп-гимназиясы №19,20,23,36 мектептермен және Сарыарқа аудандық прокуратурасымен бірлесе «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру» мақсатында «Әлемге махаббатқа толы сүйіспеншілікпен қараймын» атты педагогтар арасында өзара тәжірбие алмасу семинары өтілді.


Астана қаласы №36 орта мектепте «Әлемге махаббатқа толы сүйіспеншілікпен қараймын» атты семинар

Астана  қаласы №65 мектеп-гимназиясы №19,20,23,36 мектептермен және Сарыарқа аудандық прокуратурасымен бірлесе «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру» мақсатында «Әлемге махаббатқа толы сүйіспеншілікпен қараймын» атты педагогтар арасында өзара тәжірбие алмасу семинары өтілді. Мектебімізден «Әлемге махаббатқа толы сүйіспеншілікпен қараймын» атты суреттер байқауынан 3 «Л» сынып оқушылары  Крылова Ольга, Райс Елизавета  және 7 «Л» сынып оқушысы Бородулина Дарья  жүлделі орындарға ие болса, «Мен өмірді таңдаймын» атты эссе байқауынан 4 «А» сынып оқушылары Тоқтарбаева  Қасиет, Сабыржан Нұрлыбек, Байтақова Айдана жүлделі орындарға ие болды.  Сонымен қатар семинардың  мәнің толықтыра түскен Нұрлыбаева Аида Керимбаевнаның жетекшілігімен құрылған  мектебіміздің  «Мұрагер» ансамблінің  орындауындағы «Көңілді арбакеш» және «Әскери әндерден топтама» атты музыкалық әуендері барлық көрермендердің жанын баурап алды.  Семинарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар, Нурлыбаева Аида Керимбаевна және мектебіміз белсенді ат салысқандығы үшін, Сарыарқа ауданының прокуроры Е. Серікбаевтың  алғыс хаттарымен марапатталды.
Жоғарыда аталып өткен  эссе мен суреттер байқауына белсенділік танытқан оқушылардың сынып жетекшілері: 3 «Л» сынып жетекшісі Файзуллина Саулежан Уазировна мен 4 «А» сынып жетекшісі Мамырайымова Зауре Төлендіқызына әкімшілік тарапынан  алғыс айтылды.

816 просмотров

Добавлено: 23.04.2016 в 15:00