Жаңалықтар
«Ұлыс оң болсын...!» атты байқау өтті
Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай бастауыш сыныптың инклюзивті оқушыларының арасында сурет салудан «Ұлыс оң болсын...!» атты байқау өтті
Қазақ халқының ұлттық төл мерекесі, жыл басы, ұлыстың ұлы күні – 22-наурыз мерекесін атап өту ол халқымыздың ескі замандардан бергі мирас болып кележатқан дәстүрі екендігі баршамызға белгілі. Наурыз мерекесі – көктемнің алғашқы айымен басталатын, күн мен түн теңесетін, барша табиғат ұйқысынан оянып, төрт түлік төледеп, ел бір-бірімен «жасың құтты болсын!» деп, аман саулық тілейтін – қасиетті мереке болып табылады. Сол себептен бұл мереке біздің халқымыз үшін ерекше құрметке ие. Міне, осындай мақсатта Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында да осы игі дәстүр жалғасын тауып, 22-наурыз, Ұлыстың Ұлы күніне орай «Ұлыс оң болсын!» атты сурет салудан бастауыш сыныптардың инклюзив оқушылары арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауды педагог-ұйымдастырушы Бахалиева Гүлшара ұйымдастырды. Байқауға қатысуға 15 оқушыдан өтініш келіп түсті. Сол негізде әділқазылар құрылып, байқау қорытындысын шығарды. Әділқазылар шешімімен байқаудың қорытындысы бойынша орын алған сайыскерлер Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директоры Алма Алтынханқызының арнайы дипломымен марапатталды. Және байқауға қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.
Бас жүлдені 3 «А» сынып оқушысы Бейінбетұлы Қайсар жеңіп алса, 1-дәрежелі дипломмен 2 «Д» сынып Асқарова Аружан оқушысы марапатталды. 2-дәрежелі дипломдармен 3«Л» сынып оқушысы Харсиев Халид, 4 «Д» сынып оқушысы Бейсенбай Диана марапатталды, 3-дәрежелі дипломдармен 3 «О» сынып оқушысы Қалжанқызы Жания, 2 «В» Сағатбек Санжан, 4 «Л» сынып оқушысы Асан Темирлан марапатталды. Сонымен қатар калаш өнері бойынша 3 «И» сынып оқушысы Айтжан Жәнібек 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол секілді сайысқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
Іс-шара соңында мектептің өнерлі оқушылары, наурыз мерекесіне тарту ретінде байқауға қатысушыларға өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Осындай ұлттық дәстүрлерімізді паш ететін іс-шаралардың жас буындар үшін маңызы зор екендігі анық.
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының
педагог-ұйымдастырушысы Бахалиева Гүлшара
педагог-ұйымдастырушысы Бахалиева Гүлшара
627 просмотров
Добавлено: 24.03.2016 в 09:00