Меню KDT

Жаңалықтар

Сыйынар ем Ана деген тәңірге

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында  қымбатты,  әрі құрметті ұстаз-аналар, арулардың  8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әлем есігін тербеткен-Ана» атты тақырыпта  тәрбие сағаттары,  сонымен қатар «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты концерттік кеш өткізілді. Мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер,  ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

         Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.
         Концерттік кештің барысында мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынхақызы сөз алып,  мектеп ұжымын 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сонымен қатар пример - министр Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының мектеп ұжымына жіберген құттықтау хатын оқып,  ізгі тілегін білдірді.
Әрбір сыныпта өтілген тәрбие сағаттары көрнекілікке толы болды. Бір сыныптар түрлі байқаулар өткізіп жатса, енді бір сынптар ата-аналарға арналған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Мақаламыздың соңында барлық әйелдер қауымын шын жүректен көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген мереке құтты болсын!!! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

652 просмотров

Добавлено: 05.03.2016 в 16:00