Меню KDT

Жаңалықтар

«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті


ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің ұйымдастыруымен Алаш Орда өкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


  Сатылганов Азрет, Набиев Саят
    Республикалық жас тарихшылар қауымдастығының мүшесі, тарих ғылымының магистрі

 

Алаш Орда үкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

                                                                                                                       

Биыл Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетіндігі қуантарлық жағдай. Алаш рухының әлемдік деңгейге көтерілуі ол – Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының есімімен тікелей байланысты болмақ.
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің ұйымдастыруымен Алаш Орда өкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына Мемлекет тарихы институтының басшылығы, институттың бас ғылыми қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары, Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы басшылығы, қауымдастық мүшелері, Астана қаласының білім басқармасы өкілдері, ҚР Тұңғыш Президенті музейінің қызметкерлері,  жас ғалымдар, педагогтар, оқытушылар және магистранттар мен мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., Жабай Нұрмақұлы жүргізді.
Конференцияның пленарлық отырысында «Отырар кітапханасы» ғылыми зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Еуразиялық зертеулер кафедрасының» меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Дүкенбаева Зада сынды алаштанушы-ғалымдар ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ұлт азаттық қозғалыс жолындағы қызметі жайлы баяндамар жасады.
Конференция «Арыстар тұғыры» және «Замана асуы» атты екі секция бойынша жүргізілді.
Аталған секциялар бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Зиябек Қабылдинов «Батыс Сібір қазақтарының арасындағы қуғын-сүргін ерекшеліктері», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Еуразиялық зертеулер кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Мақсат Алпысбес «Әлихан Бөкейхан және қазақ жері мәселесі: шежіре, тарих және ұлт», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к., Ерлан Сайлаубай «Алаш Орда тарихынан», Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, Республикалық жас тарихшылар қауымдастығының төрағасы Қанат Еңсенов «Алаштың арысы – Биахмет Сарсенов», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы, т.ғ.к., Бауыржан Еңсепов «Алаш зиялыларының ағартушылық қызметі»,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты Еркін Рахметуллин «Алашордаға қолдау көрсеткен қазақ байлары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының аға ғылыми қызметкері Қайыркен Әдиет «Әлихан Бөкейханның идеялық ұстанымы» тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасады.
Ұлттық тарихымызды өскелең ұрпаққа насихаттау, ұлттық мемлекеттігіміздің негізін қалаған Алаш зиялыларының рухани мұралары мен ұлттық рухын тәуелсіз елдің жастарының бойына сіңіру,өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған конференцияда Әлихан Бөкейханның қоғамдық қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес мінезден», - деп, атап өткеніндей, әлемдік деңгейде тұғыры биік мемлекет болуымыз үшін, әрине бойында алаш рухы бар қазақ жастарын тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Міне, сондықтан да осындай игі бастамалардың ұлт болашағы – жастар үшін тәрбиелік мәні бар екендігі сөзсіз.

     

 

 

 

        

 


737 просмотров

Добавлено: 30.01.2016 в 12:00