Жаңалықтар
Психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум
№ 65 мектеп – гимназиясында 2015 – 2016 оқу жылында «инклюзивті білім» алатын 75 оқушы бар. 2015 жылдың 12 желтоқсанында № 65 мектеп – гимназиясында «инклюзивті білім» алатын оқушылардың арасында «Оқушылардың оқу үлгерімі мен мемлекеттік бағдарламаны меңгеруін» тексеру мақсатында, психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум өткізілді.
Психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум
№ 65 мектеп – гимназиясында 2015 – 2016 оқу жылында «инклюзивті білім» алатын 75 оқушы бар. 2015 жылдың 12 желтоқсанында № 65 мектеп – гимназиясында «инклюзивті білім» алатын оқушылардың арасында «Оқушылардың оқу үлгерімі мен мемлекеттік бағдарламаны меңгеруін» тексеру мақсатында, психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум өткізілді. Бұл педагогикалық консилиумге психологиялық – педагогикалық қолдау көрсететін мамандардың барлығы сынып жетекшілері және пән мұғалімдермен қоса 7 оқушы қатысты. № 65 мектеп - гимназиясында трек қимыл қозғалысы бұзылған оқушылар оқиды. Негізгі ауруы ДЦП болғандықтан екінші немесе одан көп қосалқы ауруға себеп болады. Яғни бұл балалардың тек трек қимыл қозғалысы ғана емес сонымен қатар сөйлеу тілі, оқу тілі мен қоса жазу тілінде де кемшіліктер болады. Сол себептен де мемлекеттік бағдарламаны меңгеру кезінде қиындықтар мен кедергілер кездесіп жатады. Осы мақсатта оқушылардың оқу білім алу кезіндегі үлгерімін тексеру үшін 2015 – 2016 оқу жылындағы №1 психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум өтті. Педагогикалық консилиумде балалардың барлық қабілеттері мен ерекшеліктері ескеріліп жан – жақты қаралды. Бұл балалардың трек қимыл қозғалысында кемшілік байқалғанымен олардың жүйелі ойлау қабілеті жасына сай қалыптасқандығынан олар өз жасындағы сыныптастарымен бірдей оқып білім алады. Мектеп – гимназиясының директоры Теменова Сауле Ермухановна даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттеріне қарай түзету - дамыту жұмыстарын комплексті түрде жүргізуін ұсынды.
Координатор Тойшиева Л.Ж.
1178 просмотров
Добавлено: 18.12.2015 в 15:00