Меню KDT

Жаңалықтар

«Мың алғыс, саған Әліппе!»


Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясында 2015 жылдың 12 желтоқсан күні «Мың алғыс, саған Әліппе!» атты мерекесіне арналған ертеңгіліктер төмендегі  кесте бойынша басталды.


Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясында 2015 жылдың 12 желтоқсан күні «Мың алғыс, саған Әліппе!» атты мерекесіне арналған ертеңгіліктер төмендегі  кесте бойынша басталды.

Сын.

Өтілу уақыты

Сынып жетекшісі

Кезекші мұғалімдер

                                                                                                    12.12.2015 ж.

1

1 «Б»

 09.00-10.00

Ақылбекова Лиза Маутқановна Жакупова

Кусайынова Айгерім

2

1 «Ж»

 10.00-11.00

Жансүгірова Пернегүл Рахатқызы

Жингылбаева Баян

3

1 «Ә»

 11.00-12.00

Бейсембина Айгүл

Нұрланова Ақжайық

4

1 «Е»

 12.00-13.00

Шабанбаев Қуат Көпбосынұлы

Бекишева Асель

5

1 «З»

 13.00-14.00

Жылқыбаева Венера Айдарханқызы

Ельясова Айгерім

6

1 «В»

 14.00-15.00

Кабдекина Амангүл Мукаметбековна

Тауболдиева Жанар

7

1 «А»

 15.00-16.00

Жакупова Батима Дайырханқызы

Смагулов Ақан

8

1 «Д»

 16.00-17.00

Сейтағзам Баршагүл

Кыдырмолдина Меруерт

Тәуелсіздік мерекесіне қосарлана 1 – сыныптарда  «Мың алғыс, саған - Әліппе» атты мерекелік ертеңгілік сағат 9.00-ден басталып, 17.00-де аяқталды. Қыркүйек айында яғни оқу жылының басында мектеп табалдырығын қорқа басқан бүлдіршіндер, ертеңгілік барысында қаншалықты 42 әріпті меңгергендіктерін, жаза алатындықтарын, оқи алатындықтарын «Мақта қыз», «Таға», «Қанатжан мен Жанатжан» т.б деген көріністерді көргенде, әліппе, білім, мектеп, ана  тілі туралы өлеңдерін оқыған сәтте, әр түрлі әндер орындалғанда оқушылардың қандай деңгейде екенін анық көруге болады.  Мұқағали Мақатевтың «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген өлең шумақтарындағы сөздер есіне түседі. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы осы өзіміздің өсіп, өркендеп келе жатқан жас ұрпақ деп нақ сеніммен айталамыз. Әрбір сыныптың ертеңгіліктерін  көре отыра,  мұғалімнің еңбегі шексіз, баға жетпейтін еңбек екендігіне тағы бір мәрте көзіміз әбден жеткендей. «Білімнің бастауы – Әліппе» демекші бүлдіршіндердің осындай өнерлерін тамашалаған ата-аналар мұғалімге деген  алғыстарын жаудырып, оқушыларға баталарын беріп жатты.  Ертеңгілікті әсем әуенмен көркемдеген музыка пәнінің мұғалімдері Карамурзина Жанна Ғазизқызы мен Ауезханова Асем Мананқызының еңбектері зор екендігін айқын көруге болады.


662 просмотров

Добавлено: 14.12.2015 в 12:00