Жаңалықтар
«ЖасҰлан»
№65 мектеп-гимназиясында ұстаздар мен оқушылар Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болды.
12.12.2015 күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай №65 мектеп-гимназиясында ұстаздар мен оқушылар Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болды.
Оқушыларды «ЖасҰлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсімінде мектеп директоры Теменова Сәуле Ермұханқызы «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсіну керек екендіктерін және де туған елін, жерін шексіз сүйетін азаматтар деп жеке тоқталып айтты. «Жас Ұлан» ұйымына мүше болған әрбір оқушы,туымыз түстес галстуктары мен төс белгілерін ерекше кұрметпен тағып елінің патриоттары болуға ант берді.
649 просмотров
Добавлено: 15.12.2015 в 11:00