Жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында»
Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясында 26-қараша мен 28-қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясында 26-қараша мен 28-қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
1 – желтоқсан –Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Бұл күн - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, яғни Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер Елбасымыздың өмір жолы, шығармашылығы, еңбек жолы туралы толық мәлімет бере отыра, әңгімелесу, дөңгелек үстел, викториналық сұрақтар арқылы сабақтарын өрбітті. Әрбір тәрбие сағаты суреттер, буклеттер, кітаптар, карталарменен көркемделіп өтілді. Оқушылар өздері Елбасымыз туралы білетін мәліметтерімен бөлісіп, өлеңдер оқып, әндер орындады.
501 просмотров
Добавлено: 01.12.2015 в 12:00