Меню KDT

Жаңалықтар

«Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі»


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Астана қаласы Білім Басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы және Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Астана қалалық колледж студенттері мен Астана қалалық мектеп оқушылары арасында «Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты батырлар жырын жатқа айту байқауы өтті.


Астана қалалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында
«Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі»
атты батырлар жырын жатқа айтудан байқау өтті

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Астана қаласы Білім Басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы және Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Астана қалалық колледж студенттері мен Астана қалалық мектеп оқушылары арасында «Батырлар жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты батырлар жырын жатқа айту байқауы өтті.
Байқауға «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қаласы бойынша Сарыарқа аудандық филиалының консультанты Уалиев Нұржан Габиденович, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказина Құралай Отаубаевна, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Қалиев Астана қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков Әбдіриімжанович, Астана қаласы №65 мектеп директоры С.Теменова, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі бойынша орынбасары Ж.Бодаева, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі бойынша орынбасары Ж.Мухамадиева, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директордың ғылыми әдістемелік орынбасары Қ.Ботабекова, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Т.Сейдахметова, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов, география пәні мұғалімі Г.Бахалиева, тарих пәні мұғалімі С.Набиевтер қатысты.   
Байқау мақсаты жастар бойына Ұлттық төл тарихымыз бен рухани-мәдени мұраларымызды жастарға кеңінен насихаттау. Оқушыларды білімді азамат етіп қалыптастыру, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрді бойына сіңіру.
Байқау төрт кезең бойынша өтті. І-ші кезеңде байқауға қатысушылар батырлар жыры туралы эссе жазды. ІІ-ші кезеңде байқауға қатысушылар батырлар жырын жатқа айтаса, (жырды өз мәнерімен, өз нақышына келтіріп, ұлттық аспаппен айтқан үміткерлер жоғары бағаланды) ІІІ-ші кезеңде үміткерлер сұрақтарға жауап берді. Бұл кезеңде сайысқа қатысушыларға жырдан сұрақ қойылды. IV-ші кезеңде байқауға қатысушылар «Эпостық жырдан» өзіне ұнаған рөлін сомдап, өнер көрсетті.
         Байқау екі секцияға бөлініп, өткізілді. І-ші секция бойынша колледж студенттері мен мектептің 9-11 сынып оқушылары өнер көрсетсе, ІІ-ші секция бойынша 4-8 сынып оқушылар өнер көрсетті.
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Қалиев Нұрмақұлы 1-ші секция бойынша әділқазылар алқасына төрағалық етті. Екінші секция бойынша әділқазылар алқасына Астана қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков Әбдіриімжанович төрағалық етті.
Байқау жеңімпаздарын әділ-қазылар алқасының анықтауы бойынша анықталды. Жеңімпаздар байқау шарттарын барынша жоғары деңгейде орындап, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан» үміткерлер арасынан анықталады.
І-ші секция бойынша бірінші орындарды ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің 2-ші курс студенті Сәруар Мағзия, Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің оқушысы Мұратбек Мақсұтбек иеленді. ІІ-ші орындарды Астана қаласы №71мектеп-лицейінен Айтжанова Диана Бауыржанқызы, Аринова Еркенұр Мейрамовналар жеңіп алды. ІІІ-ші орындарға № 8 орта мектеп оқушысы Жанел Дидар, № 67 гимназиядан Үсенова Рабиға Дарханқызы лайық деп табылды.
ІІ-ші секция бойынша бірінші орынды Астана қаласы №24 мектеп оқушысы Сәтен  Саят жеңіп алса, екінші орынды № 48  мектеп-лицей оқушысы Мұратқали Баймаханазат, үшінші орынға №65 мектеп-гимназиясының оқушысы Әлімхан Нұрсымбат лайық деп танылды.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ орындар бойынша Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Сол секілді екі секция бойынша байқауға қатысып, жақсы өнер көрсеткен барлық байқауға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Қазақстан-2050 стратегиясының негізгі идеясы – «Мәңгілік Ел» идеясы екендігі баршаға аян. Ал «Мәңгілік Ел» идеясының мақсаты ұлтты ұйыстырар ұлтымыздың рухани мұрасы мен ата-бабаларымыздың төл мәдениеті болып табылады. Міне, осындай рухани мұраларымызбен қазіргі қазақ жастарын сусындатып, салт-дәстүрлерімізді болашақ ұрпақ жадында жаңғырту арқылы қазіргі жаһандану заманындағы қазақ халқының рухани мерейін үстем етпекпіз. Ал, ондай биік белестерге көтерілу тек осындай игі істердің нәтижесінде ғана болары анық. Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген тәмсілдің астарында ұлттың ұлы мұратын көздейтін үлкен мән жатыр. Олай болса, осындай игі жұмыстарды қазақ жастары арасында жиі өткізіп, ұрпақ тәрбиесін – ұлт тәрбиесі деп қарап, жарқын болашаққа айқын, мақсатты, нық қадам жасауға әрбіріміз жауапты болсақ, ұлтымыздың тұғыры биік, тәуелсіздігіміздің мәртебесі жоғары, қазағымыздың абыройы асқақ боларына сеніміміз кәміл.




939 просмотров

Добавлено: 30.10.2015 в 18:00