Жаңалықтар
Халықаралық форум өтті
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Мемлекет тарихы институты және Жас тарихшылар қауымдастығы мен Еуразиялық Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен халықаралық форум өтті.
Форум жұмысына Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясынан тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Сатылганов, география пәні мұғалімі Г.Бахалиева және тарих пәні мұғалімі, магистрант С.Набиев қатысты.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Мемлекет тарихы институты және Жас тарихшылар қауымдастығы мен Еуразиялық Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен халықаралық форум өтті. Форумға Ресей мен Өзбекстан елінен, Қырғызстан Республикасынан және еліміздің әр өңірінен белді ғалымдар, профессор оқытуышлар мен Астана қалалық мектептерден жас тарихшылар қатысты.
Онда ғалымдар Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен хандықтың дәуірлеуі мен күшеюі тақырыптарында баяндамалар жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Форум жұмысына Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясынан тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Сатылганов, география пәні мұғалімі Г.Бахалиева және тарих пәні мұғалімі, магистрант С.Набиев қатысты.
Форумға қатысқан форум делегаттарына Мемлекет тарихы институты, Жас тарихшылар қауымдастығы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің атынан сертификаттар табыс етіліп, ғылыми мақалалары жинақ кітапшаға енгізілді.
588 просмотров
Добавлено: 29.09.2015 в 12:00