Меню KDT

Жаңалықтар

«Қаһармандық жыры – ұлт руханиятының өзегі»


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 
«Қаһармандық жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты Батырлар жырын жатқа айту байқауы өтті.


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында
«Қаһармандық жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты Батырлар жырын жатқа айту байқауы өтті.
                                                                                       

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Қаһармандық жыры – ұлт руханиятының өзегі» атты Батырлар жырын жатқа айту байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: жастардға халық ауыз әдебиетінің жауһары – «Батырлар жырын» жаттату арқылы рухани деңгейін арттыру, тарихи төл құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа насихаттау, еліне, ұлтына, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, мәдени-рухани мұраларымызға деген құрметін арттыру болып табылады.
Байқауға Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясы директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі бойынша орынбасары Ж.Жұмайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Сейдахметова қатысты.  Байқау бастауыш сыныптарының 3 және 4 сынып оқушылары арасында өтті. Музыка пәнінің мұғалімі Әуесханова Әсем Мананқызы  әділқазылар алқасының төрайымы болды. Қазылар мүшелеріне Абуева Құралай Махметқызы, Бахалиева Гүлшара Ахметалиева кірді.
 Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде оқушылар «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тб эпостық жырлардан үзінді жатқа оқыса, екінші кезеңде байқауға қатысушылар қаһармандық жырдан қойылған сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде оқушылар Батырлар жырындағы өзіне ұнаған бір тарихи кейіпкерді сомдап көрініс қойды. Осы үш кезең бойынша «мыңнан тұлпар шығып, жүзден жүйрік» атанған оқушылар Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директоры С.Теменованың атынан мақтау грамоталарымен марапатталды.
         Әділқазылар алқасының ұйғарымы бойынша 3 «В» сынып оқушысы Науханов Диас 1-орынды иеленді. 2-орынды 4 «А» сынып оқушысы Әлімхан Нұрсымбат жеңіп алды. Үшінші орындарға 4 «Д» сынып оқушысы Қуатбек Бақдаулет, 4 «В» сынып оқушысы Жұмахан Ұлан, 4 «З» сынып оқушысы Иманалы Зере лайық деп танылды.
         Әсіресе 4 «В» және 3 «В» сынып оқушылары жырдан үзінді оқып, тарихи жырдағы ұлттық қаһармандарды сомдауы ерекше болды.
         Міне осындай қаһармандық жырлар – «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Ер Тарғын» тб көптеген батырлар жырын оқыту арқылы біз ұлт тарихын жастарға кеңінен насихаттай алмақпыз. Ал өз ұлтының төл тарихы мен рухани мұрасының құндылықтарын бойына сіңіріп өскен жастар өз елінің шынайы патриоты болатындығы анық.

509 просмотров

Добавлено: 28.09.2015 в 12:00