Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты мемлекеттік бағдарламасына үн қосу мақсатында бағдарламаның 89-қадамы: «Мектеп оқулықтарына Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» атты тақырыпта мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен тарих пәні мұғалімі С.Набиевтің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бағдарламасының 89-қадамын талқылау мақсатында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Мемлекет тарихы институты және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының аға ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақ елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел» идеясы атты дөңгелек үстел өтті.
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты мемлекеттік бағдарламасына үн қосу мақсатында бағдарламаның 89-қадамы: «Мектеп оқулықтарына Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» атты тақырыпта мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен тарих пәні мұғалімі С.Набиевтің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Білім және ғылым министрлі Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қалиев Жабай Нұрмақұлы және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен т.ғ.к., Бикенов Асылхан Хамитұлы, т.ғ.PhD докторы Богенбаев Нұрболат Ерденұлы, т.ғ.м., Абдужапаров Рысбай Насриддинұлы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының аға ғылыми қызметкері Әділет Қайыркен Балтағұлұлы және Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директоры Теменова Сәуле Ермұханқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Бодаева Жазигүл Ақатайқызы, Мұхамадиева Жансұлу Жұмайқызы, директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Ботабекова Қымбат Болатбекқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдахметова Тыныс Серғазықызы, география пәні мұғалімі Бахалиева Гүлшара Ахметалиевна және Астана қалалық №19 мектептен, №49 мектептен, №66 мектеп-гимназиясынан, №67 гимназиядан тарих пәні мұғалімдері және мектеп оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелді алғы сөзбен Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директоры С.Теменова ашып, «Мәңгілік Ел» құндылықтары жайында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған Мемлекет тарихы институты және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының профессор оқытушылары мен ғылым докторлары «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектеп оқулықтарына енгізу» тақырыбында баяндамалар жасап, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Және осындай игі бастамаға мұрындық болған Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айта отырып, университет тарапынан мектепке сыйлықтарын тарту етті.
Дөңгелек үстелдің модераторы қызметін атқарған Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жабай Нұрмақұлы Мемлекет тарихы институты директоры атынан дөңгелек үстелге қатысушыларға сертификат табыс етті.
«Мәңгілік Ел» идеясы осыдан он үш ғасыр бұрын өмір сүрген Күлтегін бабамыздан бастау алатындығы тарихтан мәлім болса, «Мәңгілік Ел» идеясын іс жүзінде жүзеге асырған Бумын қаған болатын. Міне осы идея қазіргі Тәуелсіз Қазақ Елінің басты идеологиясына айналды. Бұл деген сөз басымызға қонған бақытымыз да, бағымыз да болған – қасиетті тәуелсіздігімізді «Мәңгілік ету», Қазақ Елін – «Мәңгі ел ету» деген ұғым екендігі сөзсіз. Осы мақсатта атқарылған кез-келген игі істердің ұлт тәуелсіздігі үшін орны айрықша деп білемін.
Орындаған: Сатылганова Мариям
977 просмотров
Добавлено: 19.09.2015 в 11:00