Меню KDT

Жаңалықтар

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен аға тәлімгер С.Набиевтің ұйымдастыруымен «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» атты қазақ тілінің кешегісі, бүгіні мен болашағы туралы дөңгелек үстел өтті.


Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен аға тәлімгер С.Набиевтің ұйымдастыруымен «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» атты қазақ тілінің кешегісі, бүгіні мен болашағы туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  мектептің 7 сынып оқушылары қатысып, өздерінің тіл туралы ой-пікірлерін білдіріп, қазіргі уақыттағы көкейкесті мәселелердің бірі саналған қазақ тілінің болашағы төңірегінде тың идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар дөңгелек үстел басында үш тұғырлыы тіл саясаты да басты тақырыптардың біріне айналып, халықаралық тіл – ағылшын тілінің бүгінгі қазақ қоғамы үшіні маңыздылығы сөз болды.

Ғабит Мүсірепов: «Қай халықтың болса да мәдениетін, көркем сөз, көркем өнерін жоғары көтеріп, жалындатып жіберуге – жүз талант көптік етпейді, он талант аздық етпейді» дегендей, халықтық мүдде, ұлттық намыс, отаншылдық идея жолында қаншама іс атқарып, жұмыс істесең де көптік етпесі анық.

Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп, айтқандай  жиын соңында оқушылар осындай қорытындыға келді.


695 просмотров

Добавлено: 16.05.2015 в 18:00