Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш!
16.05.2015 жылы №65 мектеп гимназиясында 10 бастауыш 4-ші сыныптар жалпы саны 254 оқушы бастауыш сыныптарымен қоштасу кешін өткізді.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған төрт жыл бойы ата - анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл - дей келе
16.05.2015 жылы №65 мектеп гимназиясында 10 бастауыш 4-ші сыныптар жалпы саны 254 оқушы бастауыш сыныптарымен қоштасу кешін өткізді. 4-ші сыныпты бітіруші әр оқушы өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, сахнада өз ерекшеліктерімен білім берген барлық ұстаздарына жылы лебіздерін білдірді. Бұл кешке бастауыш сыныбын бітіруші барлық оқушылардың ата - аналары мен білім берген ұстаздары да қатысып оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттап, жүрек жарды ак тілектерін арнады. Кеш көңілді, ерекше әсерге толы болып өтті.
528 просмотров
Добавлено: 16.05.2015 в 18:00