Меню KDT

Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі аталып өтілді


№65 мектеп –гимназиясында 9-мамыр жеңіс күніне орай №65 мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі аталып өтілді. Оған мектеп басшылығы және оқушы жастар қатысты. Салтанатты жиында директордың оқу-ісі бойынша орынбасары Ж.Ақатайқызы сөз сөйлеп, салтанатты жиынға қатысып отырған барша көрермендерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, жеңістің тарихи маңызын атап өтті.


№65 мектеп –гимназиясында 9-мамыр жеңіс күніне орай №65 мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі аталып өтілді. Оған мектеп басшылығы және оқушы жастар қатысты. Салтанатты жиында директордың оқу-ісі бойынша орынбасары Ж.Ақатайқызы сөз сөйлеп, салтанатты жиынға қатысып отырған барша көрермендерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, жеңістің тарихи маңызын атап өтті. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, онда мектептің дарынды, талантты, өнерлі оқушы жастары өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың ержүрек ұлдарынан құралған панфиловшылардың соғыстағы қаһармандық ерлігі туралы, сарбаздардың қан майдандағы аса ауыр тағдыры жайлы көрініс қойылып, барша жиылған жұрт оған тәнті болды. Даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, айбынды қолбасшы Б.Момышұлы туралы деректі фильм де көпшіліктің көңілінен шықса, «Әлия» туралы ән, «Ана туралы баллада», «катюша» әніне биленген би де сол бір сұрапыл соғыс жылдарын көрерменнің көз алдына елестетіп, шынайы әсерге бөледі.

         «Қанмен жазылған кітабында» батыр бабамыз Б.Момышұлы: «Кімде-кім өз ұлтын мақтан тұтпаса ол сөзсіз арамза, қаңғыбас» деп атап өтеді, және ұлттық рухтың, ұлттық намыстың терең мән-мағынасына тоқталып өтеді. Және адамзат баласына есепсіз зор шығын мен орасан зор қайғы-қасірет әкелген сұрапыл соғыстың қан майданында еш қорықпастан жауымен айқаса білген батыр Бауыржан атамыз: «дәстүрді сыйламайтын, құлағына әлди әні сіңбеген, ертегі тыңдап өспеген ұрпақтан қорқатынын жеткізеді».

         Б.Момышұлыдай елі үшін еңіреген ерлердің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізіп, Тәуелсіз елде Жеңістің 70 жылдығын атап өтудеміз. Міне біздің мақсатымыз да сол болатын, қай заманда болмасын, қандай уақытта болса да Б.Момышұлы бабамыздай өз ұлттық мүдде жолында күресе білейік.     


444 просмотров

Добавлено: 08.05.2015 в 18:00