Жаңалықтар
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Астана қалалық мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында
Астана қалалық мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ»
атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұлттық тарихымызды өскелең ұрпаққа насихаттау, Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында 11 cәуір күні Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен Астана қалалық мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығына 550 жыл: Қазақ тарихы мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері Д.Әмірғалиева, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Мақсат Алпысбес, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының директоры С.Теменова қатысты. Профессор М.Алпысбес қазақ хандығының тарихы туралы баяндама жасап, ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен тың мәліметтер мен деректер арқылы өз тұжырымын білдірді. Үш секция бойынша өткен конференция жұмысына Астана қаласынан 30 мектептен 50 оқушы қатысты. «Қазақ хандығы дәуірін зерттеу мәселелері: ұлттық төл деректер мен жаңа тұжырымдар» атты секциясы бойынша 1-ші орынды №37 орта мектеп оқушысы Ережепов Бексұлтан иеленсе, 2-ші орынды №68 орта мектебінің оқушысы Нурмаганбет Нуртас иеленді. Үшінші орынды №58 мектеп-гимназиясының оқушысы Саттархан Нұрдаулет жеңіп алды. Сол секілді «Қазіргі заманғы археология, этнология және этнография ғылымдарында қазақ хандығының мәселелері» атты секциясы бойынша 1-ші орынды №58 мектеп-гимназиясының оқушысы Райқұл Алихан жеңіп салса, 2-ші орынды №59 мектеп-лицейінің оқушысы Молдатаев Бекнұр иеленді. 3-ші орынды №58 мектеп-гимназиясының оқушысы Әшірбек Динара иеленді.
«Қазақ хандығы тарихы мәдени-рухани мұрамызда.» секциясынан 1-ші орынды №59 мектеп-лицейінің оқушысы Қыдырбеков Бекзат иеленді. 2-ші орынды №68 мектептің оқушысы Біләл Ернұр иеленді. Үшінші орынды «Зерде» мектебінің оқушысы иеленді. Сол секілді конференцияға қатысып, жоғары дәрежеде баяндама жасаған оқушылардың барлығына сертификатттар мен мақтау қағаздары берілді. Сонымен қатар конференция материалдары жинақ кітапшаға басып шығарылуда.
Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында өзіндік із қалдырған, тәуелсіздігімізді қорғаған хандарымыздың ерен ерлігін, ұлттық рухын тәуелсіз елдің жастарының бойына сіңіру,Қазақ мемлекетінің тарихы тереңде екендігін оқушыларға кеңінен насихаттау тек осындай ұлттық мүддені көздейтін игі жұмыстардың нәтижесінде ғана болатындығы белгілі. Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция да өз дәрежесінде өтіп, өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.
Орындаған А.Сатылганов
Орындаған А.Сатылганов
Тел: 8747-628-80-54
508 просмотров
Добавлено: 15.04.2015 в 15:00