Меню KDT

Жаңалықтар

Қош келдің, Наурыз!

Наурыз мерекесіне орай Астана қаласындағы №65 мектеп-гимназиясында 13 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.  Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл жұмыскерлері және ауған соғысының ардагерлері шақырылды.

     Мектеп оқушылары ардагерлерді қарсы алып, акт залында концерттік бағдарлама дайындады. Бағдарлама барысында оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Ардагерлер оқушылардың сұрақтарына қуана жауап беріп, өздерінің өмір жолы туралы айтып берді.

      Іс-шара аяқталысымен ардагерлерге мерекелік дастарқан жайылып, мектеп ұжымы дайындаған ашық хаттар мен сыйлықтар берілді.

 Ардагерлер шексіз ризашылығын танытып, мектеп ұжымына өз тілектерін білдірді.

414 просмотров

Добавлено: 16.03.2015 в 10:00