Жаңалықтар
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі аталып өтілді
«Арулар асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» деп айтылғандай, әйелдер –адамзаттың ең бір ардақты, аяулы да асыл перзенттері екендігі баршаға аян. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербете алатын» ақ жаулықтың иесі, адамзаттың киесі атанған аналарымызға қандай құрмет көрсетсеңде, қанша марапатқа бөлесең де артық болмасы анық. Өйткені табиғатынан қазақ қызының бойына ибалылық пен инабаттылық, ақылдылық пен парасат дарыған.

8-наурыз халықаралық әйелдер күнінде орай Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып ұжымдарының ұйымдастыруымен 8-наурыз мерекесі аталып өтілді. Оған мектеп директоры, директордың орынбасарлары және мектеп ұжымы қатысты. Мерекелік салтанатты шараны мектеп директоры Сәуле Ермұханқызы алғы сөзбен ашып, барша ұстаздарды 8-наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, мектептің өнерлі ұстаздары ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнап, сахналық көріністермен барша ұстаздары қуанышқа бөледі.
Концерттік бағдарламадан соң мектеп асханасында әйелдер қауымына мерекелеріне орай ер жігіттер атынан арнайы дайындалған тәтті торт ұсынылды.
522 просмотров
Добавлено: 10.03.2015 в 10:00