Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен рухани келісімнің негізгі принціпі. Сонымен қатар, ол біздің демократиямыздың табысты кілті, - деді елбасы өз сөзінде. Ассамблея бүгінде бүкіл еліміз бойынша 820 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп отыр. Бұл құрылым халықтық демократияның жарқын көрінісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен рухани келісімнің негізгі принціпі. Сонымен қатар, ол біздің демократиямыздың табысты кілті, - деді елбасы өз сөзінде. Ассамблея бүгінде бүкіл еліміз бойынша 820 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп отыр. Бұл құрылым халықтық демократияның жарқын көрінісі.
Қазақстан – бүгінде әлемнің барлық мемлекеттерімен тығыз байланысты жасап отырған ашық елдің бірі. Әлемдік тәжірибе тек барша мемлекеттермен ашық байланыс орнатқан елдердің ғана жақсы дамитынын көрсетіп отыр. Есік-терезесін жауып, етек-жеңін қымтап, басқалармен араласпайтындар кері кететінін, дамымай қалатынын өмір дәлелдеп отыр. Елбасы өз сөзінде атап өткендей, ұлтаралық қатынастағы бүкіл қазақстандық мәдениет бізде өмір сүріп жатқан барлық этностардың өзара қарым-қатынас мәдениетінен туындайды. Ассамблеяның жиырма жылдығын барлық қазақстандықтар тойлатуда. Осыған орай еліміздің әр түпкірінде түрлі конференциялар, мәдени койылымдар, байқаулар әртүрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде.
Осындай іс-шаралардың бірі №65 мектеп-гимназиясында тарих пәні мұғалімі Набиев Саят Талгатулының бастауымен «Жігерлі болса ер болар, білікті болса ел болар» байқауы өткізілді. Байқау 8,9,10 сыныптар арасында өтті. Әр сынып жеребе тарту арқылы өздеріне берілген ұлт-өкілдерін таныстарды.
Байқау үш турдан тұрды: таныстыру, сахыналық көрініс (берілген ұлтың салт-дәстүрін көрсету), өз өнері (берілген ұлттың ұлттық биін, әнін көрсету), әр командада жеті оқушыдан қатысты. 9 команданың ішінен жүлделі бірінші орынды 8 «ә» сыныбы, екінші орынды 10 «а» сыныбы, үшінші орынды 9 «а» сыныптары иеленді.1- орынды иеленген 8 «ә» сыныбы ақпанның 27 күні өтетін республикалык байқауға жолдама алды. Байқау КазГЮ университетінде өтті. Біздің мектеп Өзбек ұлтын таныстырды. Байқауға қатысқан №65 мектеп-гимназиясы оқушылары, аға тәлімгер Набиев Саят Талгатулы республикалық мақтау қағазымен марапатталды.
548 просмотров
Добавлено: 03.03.2015 в 00:00