Жаңалықтар
Көктем аруы
Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Көктем аруы» байқауы өтті. Оған мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Байқауға мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісі бойынша орынбасары Мухамадиева Жансұлу Жұмайқызы қатысып, көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен барша ұстаздарды, аналарды, қыздарды құттықтай отырып, байқауға қатысушы барлық ару қыздарға сәттілік тіледі.

Байқау шарты бойынша оқушылар 4 кезең бойынша сынға түсті.
1-ші кезең: «Мен – қазақ қызымын!» деп аталады. Бұл кезеңде байқауға қатысушылар өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды.
2-ші кезең: «Ою ойғанның – ойы ұшқыр» атты кезеңде әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетті.
3-ші кезең: «Өнерлінің өрісі кең» атты кезеңінде байқау үміткерлері өз өнерлерімен сынға түсті.
Осы үш кезең бойынша парасатты да, әдепті, іскер аруларымыз сайысқа түсіп, өздерінің ісмерлік, шеберлік қасиеттерін барша көрермендерге көрсетіп, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Әділқазылар алқасының төрайымы Жансұлу Жұмайқызы және қазылар алқасының мүшесі, инклюзивті білім беру бойынша сынып координаторы Тойшиева Ләззат Жұмадуллақызы байқауға қазылық жасап, өз шешімдерін шығарды. Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша 1-ші орынды 4 «б» сынып оқушысы Акишева Жаннұр жеңіп алды, 2-ші орындарды 4 «е» сынып оқушысы Әмзе Ақбаян, 4 «л» сынып оқушысы Нұртазина Анель иеленсе, 3-ші орындарды Елекова Аружан, Мұрат Маржан және 4 «б» сынып оқушысы Төленді Ақниет қанағат тұтты. Байқау қызықты да тартысты өтті.
Ертеде қазақ халқы «Қыздың жиған жүгіндей» деп, қыз баласын аса құрметтеген, төрінен орын беріп, оның бойына инабатты, ибалы қасиет дарытып, оның шеберлігін, ұқыптылығын айрықша бағалаған. «Қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесі» деп ұққан ұлтымыз «қызға қырық үйден тыйым» жасап, қыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Және халық даналығындағы «Қызым – үйде, қылығы – түзде» делінген сөз де, қазақ қызының жат қылықтарына тыйым жасап, ару қызын әдептілікке, парасаттылыққа, ізеттілікке баулитұғын сөз болса керек.
Бүгінгі байқауымыздың мақсаты да осы еді. Ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық қасиеттерімізді жастарымыздың бойына дарыту, қазақ халқының қыз бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрін ұрпақ бойына жаңғырту, ұлттық келбетімізі ұлықтау болып табылады.
518 просмотров
Добавлено: 04.03.2015 в 17:00