Меню KDT

Жаңалықтар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мәнерлеп сөз оқудан байқау өтті


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ақпан айының 25 күні Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында поэзиялық және прозалық шығармаларды жатқа айтудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақ жадында ұлттық тарихи тұлғаларымызды жаңғырту, мемлекеттігіміздің бес жарым ғасырлық тереңде жатқан тарихын насихаттау болып табылады.


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

мәнерлеп сөз оқудан байқау өтті

              Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ақпан айының 25 күні Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында поэзиялық және прозалық шығармаларды жатқа айтудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақ жадында ұлттық тарихи тұлғаларымызды жаңғырту, мемлекеттігіміздің бес жарым ғасырлық тереңде жатқан тарихын насихаттау болып табылады. Оған мектептің 3 «а», 3 «ә», 3 «б», 3 «ж», 3 «д», 3 «в», 3 «з» сынып оқушылары қатысты. Байқауға мектептің қазақ тілі пәні мұғалімдері Бекмұханбетова Гүлнар, Рахметулина Гүлмира және мектептің бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Зүлфия Бақтиярбекқызы қазылық етті. Әділ қазылардың шешімі бойынша І-орынды 3 «б» сынып оқушылары Семсерхан Бақдаулет, Берік Аружан, Базылбекова Айғаным жеңіп алды. ІІ-орынды 3 «а» сынып оқушылары Әлімхан Нұрсымбат, Қанқожа Нұрәлі иемденсе, ІІІ-орынға 3 «д» сынып оқушылары Қуатбек Бақдаулет, Мұратова Алтынай, Усманова Динара лайық деп табылды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар мектеп басшылығының атынан мақтау грамоталарымен марапатталса, байқауға қатысқан басқа да оқушылар ынталандыру грамоталарымен марапатталды.  

             Осылайша қазақ жастары Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толғандығын, ең алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керей хандар екендігін, сол секілді Қасым хан, Ақназар хан, Есім, Жәңгір, Тәуекел, Тәуке, Абылай, Кенесары сынды хандардың болғандығын, елін, жерін қорғап, қазақ деген асыл да, текті ұлтты сақтау жолында өзінен жүз, сексен есе көп жауға да қарсы ұмтылып, жеңіске жеткендігін, соның арқасында дүниеде осындай алып тоғызыншы орынды иемденген жеріміздің бізге жеткендігін, осылайша  тәуелсіз Қазақ Елі атанғандығымыздан хабардар болды деп айтуға болады. 



628 просмотров

Добавлено: 25.02.2015 в 18:00