Жаңалықтар
Қазақтың айбынды хандығы мен хандары
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақтың айбынды хандығы мен хандары» атты шығарма жазудан байқау өтті
Ұлттық тарихымызды өскелең ұрпаққа насихаттау, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында өзіндік із қалдырған, тәуелсіздігімізді қорғаған хандарымыздың ерен ерлігін, ұлттық рухын тәуелсіз Қазақ елінің жастарының бойына сіңіру, қазақ мемлекеттігінің тарихы тереңде екендігін оқушыларға насихаттап, Отанын, Елін, Жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Қазақтың айбынды хандығы мен хандары» атты шығарма жазудан байқау өтті.Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
«Қазақтың айбынды хандығы мен хандары»
атты шығарма жазудан байқау өтті
Ұлттық тарихымызды өскелең ұрпаққа насихаттау, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында өзіндік із қалдырған, тәуелсіздігімізді қорғаған хандарымыздың ерен ерлігін, ұлттық рухын тәуелсіз Қазақ елінің жастарының бойына сіңіру, қазақ мемлекеттігінің тарихы тереңде екендігін оқушыларға насихаттап, Отанын, Елін, Жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Қазақтың айбынды хандығы мен хандары» атты шығарма жазудан байқау өтті. Оған мектептің 3-ші сынып оқушылары қатысты. Мектептің тарих пәні мұғалімдері арасынан әділқазылар алқасы байқауға төрелік етті. Қазылар алқасының төрайымы, тарих пәні мұғалімі Абдилова Жанат Тұрлыбайқызы, әділқазылар мүшелері, тарих пәні мұғалімдері Саят Набиев, Париза Көпжасарқызының ұйғарымы бойынша 3 «д» сынып оқушысы Қуатбек Бақдаулет, 3 «в» сынып оқушысы Муканова Дильназ, 3 «ә» сынып оқушысы Омаров Ернұр шығарма байқауының бірінші орын иегері атанса, 3 «а» сынып оқушысы Сабыржан Нұрлыбек, 3 «в» сынып оқушысы Тұрысбек Серікболсын, 3 «ж» сынып оқушысы Серікбай Ұлжан екінші орынды жеңіп алды, үшінші орындарға 3 «ә» сынып оқушысы Нұрпейіс Данелия, 3 «а» сынып оқушысы Бауыржан Арайлым лайық деп табылды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан игі шара Қазақ хандығының 550 жылдығы, мемлекетіміздің мерейтойы кең көлемде аталып өтілуі үшін әрбір қазақ азаматы оған шын ықыласымен атсалысуы қажет. Сонда ғана Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы өз дәрежесінде өтері анық. Әсіресе жас ұрпақтың ата тарихын терең ұғыну мақсатында өткізілген осындай бастаманың өскелең жастар үшін маңызы зор. Тәуелсіз Қазақ Елінің көркеюі жолындағы игі қадам екендігі айқын.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН!
625 просмотров
Добавлено: 20.02.2015 в 18:00