Меню KDT

Жаңалықтар

Қазақ хандығының 550 жылдығы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи Жолдауы барысында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз» деген болатын. Осы мерейлі мерекелердің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашуға бағытталған іс-шаралардың бірі –Астана қаласы             №65 мектеп-гимназиясында өтті.

Тарих пәні мұғалімі Набиев Саят Талғатұлының ұйымдастыруымен өткен конференцияға тарих ӘБ мұғалімдері Байташева Париза Көпжасаровна, Сатылганов Әзірет арнайы шақырылды. Конференцияға 9-10 сынып оқушылары қатысып өз баяндамаларын (слайд түрінде) қорғап,  ойларын ортаға сала білді. Бұл іс-шараның  барысында оқушылар   Қазақ хандары,  Қазақ хандығының құрылуының саяси, рухани әрі этникалық алғышарттары жайлы сөз қозғап, Қазақстандағы мемлекеттілік мәселесінің қалыптасу тарихын айшықтап атап өтті.

Сөзсіз, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның оқушылар қауымы үшін берері мол. Ұлттың ұлт болып сақталып қалу мәселесі жаһандану заманында аса өзекті болып отырғандығы да шындық. Сондықтан осындай маңызы ерекше іс-шаралардың мектеп қабырғасынан бастау алуының өзі ел болшағы жарқын болуының кепілділігі.

482 просмотров

Добавлено: 16.02.2015 в 11:00