Жаңалықтар
«Тазша бала» байқауы өтті
Қазақ халқының халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жастар бойына сіңіру, ұлттық, шешендік өнерімізге жастарды тәрбиелеу мақсатында 13-ақпан күні Астана қалалық, №65 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар бойынша педагог-ұйымдастырушының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Тазша бала» байқауы өткізілді. Оған мектептің 4 «а», 4 «ә», 4 «б», 4 «л», 4 «ж», 4 «е» сынып оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар үш кезең бойынша сынға түсті. 1-ші: «Айтпаймын қыз берсең де өтірікті» кезеңінде оқушылар өздерін өтірік өлең арқылы таныстырды. 2-ші: «Әттең мен тазша болмағанда...» кезеңінде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетсе, 3-ші: «Тазшаға тоғыз өнер де аз» кезеңінде қатысушылар тазша баланың рөлін сомдап, өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.

Мектептің қазақ тілі пәні ұстазы Алма Сердынбаева Петровқызы басшылық еткен әділ-қазы мүшелері – Гульсана Муканова Сарсенбекқызы, Зульфия Эмбердиева Бақтиярбекқызының ұйғарымы бойынша 4 «а» сыныптан Мәдениятов Ислам, 4 «л» сынып оқушысы Бексұлтан Тоқмағанбет І-орынды иеленсе, 4 «а» сынып оқушысы Құрманғазы Аян ІІ-орынды жеңіп алды, сондай-ақ 4 «б» сынып оқушысы Сағымтай Мейірман ІІІ-ші орынға лайық деп танылды. Сол секілді 4 «ә» сынып оқушысы Ақан Абдырасул, 4 «ж» сынып оқушысы Ақан Нұртөре, 4 «е» сынып оқушысы Ергеш Ернарлар байқауға қатысып, жақсы өнер көрсеткені үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тазша өзінің ақылдылығы, шешендігінің арқасында талай қиын, ауыр жағдайдан аман құтылып, сан мың түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, халық мүддесін қорғап «шынжыр балақ шұбар төс» үстеп тап өкілдерімен айқаска түсіп, жағымсыз кейіпкерлерді халық алдында күлкі етіп, әділетсіздік, күншілдік, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалаған халық ауыз әдебиетіндегі жағымды кейіпкер.
Міне, біздің «Тазша бала» байқауының сайыскерлері де өткен тарихтағы халық жадында сақталған осындай нағыз тазша бала білді.
724 просмотров
Добавлено: 13.02.2015 в 17:00