Жаңалықтар
Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл
Осыған орай Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сай шаралар өтуде. Осы мақсатта мектептің тарих пәні мұғалімі А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 6 «в» сынып оқушылары арасында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі «Нұрлы Жол» атты жолдауында: «Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда» деп атай отырып, 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» деп жариялағандығы белгілі. Бұл Қазақстан халықтарының бір шаңырақ астында мамыражай өмір сүріп жатқандығының кепілі екендігі айқын.
Осыған орай Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сай шаралар өтуде. Осы мақсатта мектептің тарих пәні мұғалімі А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 6 «в» сынып оқушылары арасында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында оқушылар, сынып белсенділері «Әлем мойындаған Қазақстан», «Қазақ елі тыныштықтың бесігі», «Ұлттар достығы – ұлылықтың белгісі» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салды. Әлемге бейбітшілік символы ретінде танылған елімізде бір шаңырақ астында қазақ халқымен бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тіліне, дәстүріне ерекше құрметпен қарап, өзгеге үлгі болу керектігіміз айтылды.
Ұлт көшбасшысы, Президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор ол – қазақ тілі болуы керектігіне» оқушы жастар айрықша тоқталып, қазақ елінің шын патриоты болу ол – әуелі қазақтың мемлекеттік тілін жақсы меңгеріп, қазақтың ұлттық дәстүрлерін сақтау керектігіне баса назар аударылды. Сонда ғана Елбасы Н.Ә.Назарбав өзінің «Нұрлы Жол» атты жолдауында айтқан: «Мәңгілік Ел» боламыз» деген тұжырымға тоқталды.
Ұлы ойшыл, данышпан Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деп айтқандай, елімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барша халықтарды құрметтеу, олардың салт-дәстүрін сыйлау ол әсіресе осы Қазақ елінің, жерінің иесі қазақ халқы үшін маңызды екендігі анық.
646 просмотров
Добавлено: 09.02.2015 в 08:24