Меню KDT

Жаңалықтар

БІЛІМ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ МЕКТЕП


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының 17 тармағында атап көрсетілгендей   «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша алдағы үш жылда  Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет деп табылды. Бұл бағдарламаның аясында Елордамызда көп ұзамай  бой көтерген білім беру ұйымдарының бірі - №65 мектеп-гимназиясы.


         Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының 17 тармағында атап көрсетілгендей   «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша алдағы үш жылда  Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет деп табылды. Бұл бағдарламаның аясында Елордамызда көп ұзамай  бой көтерген білім беру ұйымдарының бірі - №65 мектеп-гимназиясы.
           №65 мектеп-гимназиясы 2010 жылы қыркүйек айынан бастап қолданысқа беріліп, оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл оқу ордасының басқа мектептерден айырмашылығы - мектепте білім беру жүйесі төрт бағытта жүргізіледі: жалпы білім беру, гимназиялық, инклюзивтік, түзету сыныптарының жұмыс атқаруы. Мектепте мұғалімдерге қойылатын талап та күрделі әрі ерекше. Сол қиындықтарға мойымай қажырлы еңбек пен мықты талаптың арқасында мұғалімдер мектеп оқушыларына білім нәрін сусындатып арқылы мектептің беделін биікке көтеруде. Осы уақыттың арасында  мектебіміз өз бағытын бағдарлап қана қоймады сонымен қатар қалалық және республикалық жарыстарда шәкірттері жүлделі орындарды иеленіп, өзі қатарлас мектептердің алдыңғы шебіне шықты. Осы уақыт аралығында төрт мектеп түлегі алтын белгі иегері атанып, екі оқушы халықаралық ғылыми жоба бойынша жүлдеге ие болды. Биылғы жылы 1-7 сыныптар арасында өткізілген «Зерде» шығармашылық байқауында төрт оқушымыз жүлделі орынға ілікті. Осы бағдарлама барысында өзінің жас ерекшелігіне қарамай 2 «л» сынып оқушысы Шаяхметова Алиса жүлделі екінші орынды иеленіп, 2015 жылдың 28 қаңтарда өтетін республикалық байқауға  жолдама алды.   Осындай жетістікке толы мектеп 2015 жылды ерекшелікке толы оқиғамен бастады. Теменова Сауле Ермұханқызы басқарып отырған бұл мектеп үлкен сынақтан өтті.  ҚР «Білім туралы» Заңының 59-бабы, 4-тармағының №1270 бұйрығы бойынша, №65 мектеп-гимназиясы 2015 жылдың 19-23 қаңтар аралығында мемлекеттік аттестациядан сүрінбей өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә. Назарбаевтың       «Қазақстан-2050»  стратегиясын басшылыққа ала отырып және оны орындау мақсатында мектеп өз алдына төмендегідей міндеттер қояды: Ол мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарының білім деңгейіне лайықты пайдалануға берілетін білім алатын қызметтерінің сәйкестігін табу.
          Бұл тексерістің барысында, комиссия мүшелері 19-23 қаңтар аралығында мектептің іс-қағаздарын; оқушылардың бақылау жұмыстарының қорытындысын, 3 жылғы мектеп жұмысын, және 4, 9, 11 сыныптардан бақылау тест жұмыстарын алды. Бұл бақылау тестінің қорытындысы бойынша мектеп оқушылары 95% өте жақсы көрсеткішті көрсетті. Сонымен қатар комиссия мүшелері мұғалімдердің сабағына қатысып, оқушыларды, әкімшілік қызметкерлерді жіті қадағалап, педагогикалық ұжымының  даму күн тәртібін және басқа да  іс-қағаздарды тексеріп шықты.
Саралау тобының мүшелері тарих пәнінің мұғалімі, Абдилова Жанат Тұрдыбайқызының «Әбілқайыр хандығы» тақырып төңірегінде болған ашық сабағына қатысып, мұғалім заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып кәсіби біліктілігін көрсетті. Сабақ барысында Әбілқайыр хандығының ыдырап, Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары мен тарихи маңызына тоқтала отырып,  бүгінде Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылтолып отырғандығы, төл тарихымыз бен ұлттық мәдениетіміз арқылы ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын тауып отырғандығы атап көрсетілді. Комиссия мүшелері басқа да  пән  мұғалімдерінің сабақтарына қатысты атап айтсақ: Рахметова Алия Алматовна, Набиев Саят Талгатұлы, Биболатова Жадыра Мамыковна, Мусина Ерке Саясатқызы осы мұғалімдердің жоғары кәсіби біліктілігі  мен шеберлігін атап өтті. 
        Елбасымыздың «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»-деген қанатты сөздерін өз ұстанымы санайтын Теменова Сауле Ермұханқызы басқарып отырған №65 мектеп-гимназиясы өз тарихындағы алғашқы сынақтан  сүрінбей  өтті.
       «Бір ел- бір халық - бір тағдыр», қазақ халқында бірлігі мықты ел озады, бірлігі жаман ел тозады деген сөз бар. Осы сөздерді әрдайым ұстанып жүретін №65 мектеп-гимназиясының  басшылығы мен ұжымы ұйымшылдық пен бірліктің, зор жауапкершіліктің  арқасында бұл белесті де  бағындырды.Мектеп басшысының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Ботабекова Қымбат Болатбекқызы,  оқу ісінің орынбасарлары Бодаева Жазигул Акатайқызы мен Исаева Манура Нұрланқызы, тәрбие ісінің орынбасары Кабышева Аида Аскаровна, бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Мухамадиева Жансұлу Жумайқызы, түзету сыныптарының оқу ісінің орынбасары Бақыт Рауан Зарипқызының жетекшілігі мен жүйелі бағыт-бағдар берулерінің  нәтижесінде мектеп ұжымы үлкен табыстарға қол жеткізіп отыр.    
           Қазіргі таңда мектепте  2381 оқушы оқиды.   Сынып комплектісі – 105, сынып кабинеттері – 64. Мектепте қазіргі заман талабына сай жабдықталған лингафон, мультимедиа кабинеттері мен кітапхана, үйде оқитын оқушыларға онлайн жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі  оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетеді. Барлығы  168 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі - 156, арнаулы орта - 12,  жоғары, І білікті санаттысы – 60%,  ІІ білікті санаттысы –37,5% құрайды.
Мектеп мұғалімдері  «Саралап-деңгейлеп оқыту» технологиясы, «Вассерман технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау» технологиялары бойынша курстан өткізіліп, сабақтарды соңғы үлгідегі жаңа интерактивті тақта мен мультимедиа мүмкіндіктерін пайдаланып өткізуде.                              Ал мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығы дерлік «СДО» технологиясын қолдануда.
№65 мектеп-гимназиясының бес жылдық қысқаша тарихы осындай. Мектеп ұжымының алдағы уақыттағы міндеттерінің бірі: мектеп оқушыларына мемлекет белгілеген жалпы бірдей міндетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартына сәйкес келетін нақты білім беру. Әлемдік деңгейге сәйкес келетін біліммен қаруланған оқушыларды, бәсекелестікке қабілетті ақыл-парасаты мен өресі биік болашақ мамандарды  дайындау ұстаздар қауымының абыройлы парызы.

№65 мектеп-гимназиясы 
тарих пәні мұғалімі 
Набиев Саят Талгатұлы




511 просмотров

Добавлено: 03.02.2015 в 17:00