Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл
Биыл қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл толды. Яғни қазақ мемлекеттігінің бес жарым ғасырлық тарихы бар. Алғашқы қазақтың хандары Жәнібек пен Керейдің бас болуымен Жамбыл өңіріндегі Шу өзені бойында Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығының ең алғашқы қара шаңырағы көтеріліп, қазақ деген ел, тұңғыш мемлекеттігіміз пайда болды. Міне осыдан бастап қазақтың мемлекеттігі қалыптасып, тарихымыз жазыла бастады.

Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылды «Қазақ хандығының – 550 жылдығы» деп жариялап, мемлекеттік деңгейде мемлекеттігіміздің мерей тойын атап өтуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясында да «Қазақ хандығының – 550 жылдығын» атап өту мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сай оқушылар арасында мемлекеттік тарихымызды кеңінен насихаттау мақсатында патриоттық шаралар өтуде.
Осы игі істің бір парасы ретінде №65 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 6 «ә» гимназия сыныбы оқушылары арасында «Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбында пікір сайыс өтті. Пікір сайысқа оқушылар аса дайындықпен қатысып, мемлекеттігіміздің құрылуы, алғашқы қазақ хандарының тәуелсіздік үшін күрестері, қазақ хандығының күшеюінің алғышарттары туралы және Қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Керей хандардан бастап еліміздің ең соңғы айбынды ханы Кенесары хан туралы тың пікірлерін ортаға салды. Пікірсайыстың соңында тарих пәні мұғалімі Набиев Саят оқушыларға өз ойын білдіріп, сайысқа төрелік жасады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Бабалар ерлігі мен бүгінгі ұрпақтың жасампаздық істері арасында байланыс болғанда ғана біз биік асулардан асамыз» деп атап көрсеткеніндей жас ұрпақты ата тарихы, бабалар ерлігі негізінде патриоттық рухқа тәрбиелеу ол – тәуелсіз еліміз үшін қосқан сүбелі үлесіміз екендігі анық.
Мемлекет басшысының биылғы жылды «Қазақ хандығының – 550 жылдығы» деп жариялауы ол әрине дер кезінде шығарылған оңды шешім, әрі тәуелсіздігіміз үшін аса маңызды, әрі айқын қадамдардың бірегейі, мемлекеттігіміздің көркеюі жолындағы игі іс деп ұққан абзал.
487 просмотров
Добавлено: 03.02.2015 в 12:00