Меню KDT

Жаңалықтар

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына саяхатқа бардық


2015 жылы 09 қаңтарда № 65 мектеп-гимназиясының  7 «м» сынып оқушылары  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына саяхатқа барды.


2015 жылы 09 қаңтарда № 65 мектеп-гимназиясының  7 «м» сынып оқушылары  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына саяхатқа барды. «Астана Опера» театр залына 1 мың 250 көрермен сияды. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар. «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол. Оқушылар  тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театрдың безендіруіне көзі тоймай, таңырқаумен болды.


542 просмотров

Добавлено: 10.01.2015 в 18:00