Меню KDT

Жаңалықтар

Аянның әні асқақтады

Астана қалалық №65 мектеп-гимназиясы талантты, дарынды оқушылардан кенде емес. Сондай тума талант, талапты жас, «күміс көмей, жез таңдай» әншілеріміздің бірі 4-сынып оқушысы Құманғазы Аян. Мектеп мақтанышы Аян жуырда өткен Астана қалалық «Отаным - деп шырқаймын» атты Х патриоттық әндер байқауына қатысып, жеке дауыста орындау номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанды.    Бұл мектебіміз үшін жақсы жетістіктердің бірі әрине.

         «Жақсы шәкірт - ұстаздан» деген. Аянның биік белестерден көрініп, осы аталмыш байқаудан ІІ-орын алып келуіне еңбек еткен жетекшісі, №65 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Әуесханова Әсем Мананқызының еңбегі зор.  Шәкірті ұстазынан озып, болашақта Аянның әндері асқақтап жатса, ол да ұстазының дәрежесін көтерері анық.

         Аянның осы жеңісімен құттықтап, алдағы уақыттарда әрқашан мектебіміздің абыройын асқақтата беруіне тілек білдіріп, ұстазы Әсем Мананқызының еңбегін бағалай отырып, алғыс білдіріп, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстарға жетуіне тілектеспіз.

        Тілек білдірушілер: №65 мектеп-гимназиясының  директоры С.Теменова, мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Ж.Мұхамадиева, педагог-ұйымдастырушы А.Сатылганов 

480 просмотров

Добавлено: 23.12.2014 в 15:00